Атырау қалалық Пробация қызметінде «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстаным!» атты семинар-тренинг өтті

Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 25 қазан – Республика күніне орай Атырау қалалық Пробация қызметі мекемесінде пробация есебінде тұрғандар арасында «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстаным!» атты семинар-тренинг өтті.
Жалпы шараның мақсаты – пробация есебінде тұрғандар арасында діни экстремизм мен терроризм идеологиясы таралуының алдын алу, ұлттық құндылықтарды жаңғырту, патриоттыққа тәрбиелеу.
Шараға «Шапағат» қоғамдық қоры директорының орынбасары М.Құбышев, теолог мамандар Р.Орынғалиев, Д.Күмісбек және психолог маман Ф.Самирова, Атырау қалалық пробация қызметі бөлімінің бастығы, әділет майоры М.Уразгалиев қатысты.
Шара басында «Шапағат» қоғамдық қоры директорының орынбасары М.Құбышев: «Республика күні – еліміздің мемлекеттілігі жолындағы алғашқы тарихи қадам», — екенін атап өтіп, аталмыш мерекенің маңызына тоқталды.
«Шапағат» қоғамдық қорының теолог мамандары Р.Орынғалиев және Д.Күмісбек «Бірлік пен ынтымақ» тақырыбы аясында сөз сөйлеп, қоғамға қауіп төндірер діни экстремизм мен терроризмнен сақ болуға шақырды.
Соңында барлық қатысушыға сертификат табысталып, белсенділік танытқандарға «Исламдағы адам құқықтары» және «Қазақ даласындағы ислам тарихы» кітаптары сыйға берілді.

Сот отырысында тәртіп сақтау баршаға міндет

Сот отырысына қатысудың тәртiбі заңмен бекітілген. Сондықтан, сот залындағы...

Жаңа Конституция

Конституция – кез келген тәуелсіз мемлекеттің ең басты, ең...

Мемлекеттік тіл және құқықтық мемлекет қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің егемендігі мен ұлттық бірегейлігінің маңызды...

Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық мәртебесі

Қазақстан Республикасында сот билігі – мемлекеттік биліктің дербес тармағы...

Сотқа деген сенімді арттыру тетіктері

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен оған деген қоғамдық...