Атырау облысында Жайық өзеніне әлі де су келіп жатыр — ТЖМ

ҚР ТЖМ мәліметінше, соңғы 5 күн ішінде аймаққа су келіп жатыр. «Қазгидромет» РМК гидрологиялық мониторинг деректері бойынша 12 мамырда сағат 9:00-дегі жағдай бойынша Жайық өзеніндегі су деңгейі:

  • Атырау — 538 сантиметр. Тәулігіне + 5 сантиметр.
  • Индербор ауданы 1033 сантимтер. Тәулігіне +7 сантиметр.
  • Махамбет ауданы 955 сантимтер. Тәулігіне +16 сантимтер.

«Жайық-Индербор және Жайық-Махамбет су бекеттерінде деңгей шектік белгіден асып түсті. Одан әрі артуы күтіледі», — делінген хабарламада.

«Атырау облысында су тасқынына қарсы үйінді бөгендер Жайық өзенінің арнасынан шығуын тежейді. ҚР ТЖМ құтқарушылары тәулік бойы Қорғаныс құрылыстарының жай-күйіне мониторинг жүргізіп жатыр», — делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Жайық өзенінің ағысымен Каспийге қарай төмен түсіп, қорғаныс бөгендерін көзбен шолып тексерді.

ТЖМ мәліметінше, республика бойынша 54703 адам өз үйлеріне оралған.

«5291 адам, оның ішінде 2239 бала эвакуациялау пункттерінде. 11134 тұрғын үй мен 3350 аула аумағынан су бұрылып, сорылды. 18,5 миллионнан астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,7 миллион қапшық және 1,5 миллионнан астам тонна инертті материал төселді».

Бүгін – Халықаралық қарттар күні 

Қазақстанда да 1 қазан қарттар мен ардагерлерге құрмет көрсету, олардың еңбегі мен өмірлік тәжірибесін дәріптеу күні ретінде аталып өтеді.

Алматыда 4 қазаннан бастап ақылы тұрақ тарифі өзгереді

Алматыда 4 қазаннан бастап коммуналдық ақылы автотұрақтардың тарифі сараланады. Енді тұрақ құны аумақтағы көлік жүктемесі мен тұрақ орындарына сұраныс көп-азына қарай белгіленеді.

Елімізде 1-3 қазан арасында ауа райы қандай болады?

Қазгидромет елімізде 1-3 қазан арасында күн райы қандай болатынын болжады.

Мемлекет басшысы Қазақстанда микроэлектроника өндірісін дамытуды ұсынды 

Қазақстан Президентінің Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары бизнес, өнеркәсіп және технология көшбасшыларының басын қосқан Қазақстан-Бавария технологиялық форумымен қорытындыланды.

Мектепте телефон қолдануға қатысты жаңа талап бекітілді: Оқушылар нені білуі керек? 

Қазақстанда мектеп оқушылары мен тәрбиеленушілерінің сабақ кезінде ұялы телефон пайдалану тәртібі бекітілді.