Атырау облысында мектеп оқушылары онлайн форматқа көшірілді

Атырау облысындағы қолайсыз ауа райына байланысты мектеп оқушылары онлайн форматта оқытуға көшірілді. Бұл шешім Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің төрағалығымен өткен жедел штабтың кезекті отырысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды.

– Басты міндет – адам өмірі мен денсаулығын сақтау. Қазгидромет мәліметінше, желдің екпіні ертең де бәсеңдемейді. Қауіпсіздік мақсатында Атырау облысының барлық ауданында мектеп оқушыларын онлайн сабақ форматына көшіру керек, — деді облыс әкімі.

Еске сала кетейік, 14 желтоқсанға қараған түні Атырау облысында циклон жүріп, ауа райы күрт нашарлады. Барлық қызмет күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді.

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Қарттар күнімен құттықтады

Қарттар күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...

Алматинцы потратили более 130 млрд тенге из средств ОСМС

В 2026 году Фонд медицинского страхования оплатил медорганизациям Алматы...

Алматылықтар МӘМС қаражатынан 130 млрд теңге жұмсады

2026 жылы Медициналық сақтандыру қоры Алматы қаласындағы медицина ұйымдарына...

БІРІНШІ ҚАЗАН – АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТУҒАН КҮНІ

Қазақтың жоғары білім тарихын Абай университетінің шежіресінен бөліп қарай...