Атырау облысында әйелін соққыға жыққан бұрынғы әкім сотталды

Атырау облысындағы ауданның бұрынғы әкімі әйелін ұрып-соққаны үшін сотталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жоғарғы сотқа сілтеме жасап.

Атырау №2 сотында ауданның бұрынғы әкімі И.Р.-ға қатысты кінәліге материалдық немесе өзге де тәуелділікте болған адамға қатысты денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қаралды (ҚК-нің 107-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы).

«2023 жылғы 31 мамырда Атырауда пәтерде И.Р. және оның әйелі У.А. арасында жанжал болған. Жанжал кезінде И.Р., жәбірленушінің өзіне материалдық тәуелділігін пайдаланып, осы негізде жанжал шығарып, әйелі У.А-ны оң иығынан ұстап, есікті жауып, бөлмеге кіргізген.

Ешкімнің кедергі жасамайтынына көз жеткізіп, денсаулығына қасақана зиян келтіру мақсатында У.А.-ны еденге құлатқан және сол жақ санынан бірнеше рет тепкілеген, соның салдарынан жәбірленуші У.А. 5-омыртқасының сынуы түрінде, ығысусыз орташа ауырлықтағы зақым алған», — делінген хабарламада.

Сотталушының кінәсі жәбірленушінің айғақтары, сараптама қорытындысы және басқа да дәлелдемелермен дәлелденген.

«Қылмыс жасалған кезде қолданыста болған ҚК-нің 107-бабы 2-бөлігі 3-тармағының санкциясы 2000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе түзеу жұмыстары түріндегі жазаны сол мөлшерде, не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Бұл қылмыс заң бойынша орташа ауырлық дәрежесіне жатқызылады. Сотпен жаза түрін таңдау кезінде И.Р.-ның бұрын соттылығы жоқтығы, мінезі оң сипатталғаны ескерілді. Сот үкімі бойынша, И.Р.-ға 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», — делінген хабарламада.

Жәбірленушінің 20 миллион теңге моральдық шығын өндіру туралы азаматтық талап қоюы ішінара қанағаттандырылып, И.Р. жәбірленуші У.А-ның пайдасына 2 миллион теңге моральдық зиянды өтейтін болды.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Время перемен и ответственности

ЭКОНОМИЧЕСКИЙ РОСТ, БЛАГОСОСТОЯНИЕ ГРАЖДАН, РАЗВИТИЕ РЕГИОНОВ И ПРАВОВЫЕ ГАРАНТИИ СТАЛИ ГЛАВНЫМИ ТЕМАМИ ОБСУЖДЕНИЯ ПОСЛАНИЯ. ЕГО ПОЛОЖЕНИЯ ПОЛУЧИЛИ ПОЛОЖИТЕЛЬНЫЕ ОЦЕНКИ СО СТОРОНЫ КАЗАХСТАНСКИХ ЭКСПЕРТОВ И ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ ОБЩЕСТВЕННОСТИ, А ТАКЖЕ ВЫЗВАЛИ ИНТЕРЕС ЗАРУБЕЖНОГО ЭКСПЕРТНОГО СООБЩЕСТВА.

Қазақстан дәрі-дәрмегі Ауғанстан нарығына шығуы мүмкін 

2025 жылы Қазақстанның фармацевтикалық өнім экспорты 17,8 пайызға өсті. Енді отандық өндірушілер өнім жеткізу географиясын кеңейтіп, Ауғанстан нарығына шығуды көздеп отыр.

Жұмыс қысқара ма, мүмкіндік көбейе ме: ЖИ еңбек нарығын қалай өзгертеді? 

Жасанды интеллект бірнеше минутта мәтін жазып, есеп дайындап, көлемді...

Астана халқының саны 2 миллионға жуықтады 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан халқы 133 707 адамға өсті. 1 қазанда ел тұрғындарының жалпы саны 20 633 529 адам болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев өндіріс озаттарына мемлекеттік наградалар табыстады 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Qarmet» акционерлік қоғамының бір топ қызметкерін жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттады.