12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Атырау облысында Қылмыстық — атқару жүйесі департаменті және департаментке қарасты мекемелердің қызметкерлері студенттермен кездесті

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті және оған қарасты түзеу мекемелерінің қызметкерлері Х. Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Экономика және құқық факультетінің студенттерімен кездесу өткізіп, қызметке орналасу бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында ҚАЖ саласының негізгі бағыттары, қызметкерлердің міндеттері мен құқықтары, сондай-ақ ведомстволық оқу орындарына түсу және жұмысқа орналасу тәртібі түсіндірілді. Студенттерге ішкі істер органдарында қызмет етудің артықшылықтары, оның ішінде тұрақты жалақы, әлеуметтік кепілдіктер, тұрғын үймен қамту және зейнетақымен қамтамасыз ету жайлы ақпарат берілді.

Болашақ заңгерлер мен экономистерге ҚР ІІМ жүйесіндегі бос лауазымдар мен конкурстық іріктеуден өту шарттары таныстырылып, қызметке орналасуға ниетті жастарға қажетті құжаттар тізімі ұсынылды.

Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан толыққанды жауаптар алды. Мұндай шаралар жастарды құқық қорғау саласына баулуға және отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге бағытталған.

Для осужденных женщин проводились курсы профессиональной подготовки

В целях исполнения пункта 3.7 протокола, проведённого Руководителем Администрации...

Сотталған азаматшаларға кәсіби курстар өткізілді

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының А.А. Дадебай төрағалығымен өткен...

Жетісу облысында пробация қызметі профилактикалық шара өткізуде

Жетісу облысы Ескелді аудандық пробация қызметі жергілікті полиция қызметкерлерімен...