Атырау облысы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты N75 мекемеде жазасын өтеушілер имаммен кездесті

Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Мұрат Мұстафаев Атырау облысы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты N75 мекемеде жазасын өтеушілер мен кездесіп Рамазанның қадірі туралы насихат айтты.

«Рамазан – күнәлар кешірілетін, сауаптар еселенетін қасиетті ай. Бұл айда мұсылмандар ораза ұстап, құлшылықтарын көбейтіп, тәубеге келуге тырысады.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) хадисінде:
«Кім Рамазан оразасын иманмен және сауап үмітімен ұстаса, оның өткен күнәлары кешіріледі» (Бұхари, Мүслім) – деп айтқан.

Сондай-ақ, бұл айда Қадір түні бар, ол мың айдан да қайырлы деп сипатталған. Бұл түні жасалған дұғалар мен құлшылықтар қабыл болады.

Сондықтан, Рамазан – күнәлардан арылып, жаңа өмір бастаудың үлкен мүмкіндігі» деп атап өтті ұстаз Мұрат Мұстафа

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...