Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №79 мекемесінде Рәміздер күні аталып өтті

2025 жылғы 4 маусым күні Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты 79 мекемесінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай салтанатты шара өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – елдік пен бірлікті айшықтайтын Мемлекеттік рәміздердің маңызын ұлықтап, қызметкерлер арасында отансүйгіштік рухты нығайту.
Салтанатты жиын Мемлекеттік Тудың көтерілуімен және Әнұранның орындалуымен басталды. Шара барысында мекеме бастығы қызметкерлерге Мемлекеттік рәміздердің қабылдану тарихы мен олардың әрбір азамат үшін мән-маңызы туралы баяндады.
Іс-шара аясында мекеме қызметкерлері «Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің нышаны» тақырыбында танымдық дәріс ұйымдастырылды.
– Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың тарихы мен тағдырын, рухы мен мәдениетін бейнелейтін қасиетті белгілер. Олар – Тәуелсіз Қазақстанның айшықты нышандары, – деді мекеме бастығы шара барысында.
Мұндай іс-шаралар қызметкерлер мен жас мамандардың сана-сезімін қалыптастыруға, еліміздің тарихы мен құндылықтарын құрметтеуге тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...

Локализация и ее преимущества 

Делегация Казахстана посетила ряд ведущих европейских предприятий, специализирующихся на...

Патриотами не рождаются, патриотами становятся 

Воспитание подрастающего поколения в духе патриотизма и духовных ценностей...