12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің 79 мекемесінің жеке құрамы “Капитан Байтасов” фильмін тамашалады

2025 жылы жарық көрген «Капитан Байтасов» фильмі — отандық киноиндустриядағы ерекше оқиға. Бұл туынды тек қана батырдың өмірін бейнелеп қана қоймай, көрерменге ерлік, адалдық пен адамгершіліктің терең мәнін ұғындырады. Фильмнің негізінде 2011 жылы Тараз қаласында террористі тоқтатып, өз өмірін құрбан еткен полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың шынайы ерлігі жатыр. Фильм басталмас бұрын мекеме бастығының орынбасары Марта Утепова Ғазиз Байтасовтың өмірбаяны мен ерлігін жеке құрамға жеткізіп, одан кейін 1 минут үнсіздік жариялады. «Капитан Байтасов» — көрерменнің жүрегіне жол тапқан, ұлттық рухты көтерген, отансүйгіштік пен адамдықтың нағыз көрінісін көрсететін туынды. Фильм тек экрандық оқиға емес — ол шын ердің бейнесін, ел жадында мәңгі қалатын құрбандық пен ар-намыстың символын ұсынады.

Для осужденных женщин проводились курсы профессиональной подготовки

В целях исполнения пункта 3.7 протокола, проведённого Руководителем Администрации...

Сотталған азаматшаларға кәсіби курстар өткізілді

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының А.А. Дадебай төрағалығымен өткен...

Жетісу облысында пробация қызметі профилактикалық шара өткізуде

Жетісу облысы Ескелді аудандық пробация қызметі жергілікті полиция қызметкерлерімен...