12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің 79 мекемесінің жеке құрамы “Капитан Байтасов” фильмін тамашалады

2025 жылы жарық көрген «Капитан Байтасов» фильмі — отандық киноиндустриядағы ерекше оқиға. Бұл туынды тек қана батырдың өмірін бейнелеп қана қоймай, көрерменге ерлік, адалдық пен адамгершіліктің терең мәнін ұғындырады. Фильмнің негізінде 2011 жылы Тараз қаласында террористі тоқтатып, өз өмірін құрбан еткен полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың шынайы ерлігі жатыр. Фильм басталмас бұрын мекеме бастығының орынбасары Марта Утепова Ғазиз Байтасовтың өмірбаяны мен ерлігін жеке құрамға жеткізіп, одан кейін 1 минут үнсіздік жариялады. «Капитан Байтасов» — көрерменнің жүрегіне жол тапқан, ұлттық рухты көтерген, отансүйгіштік пен адамдықтың нағыз көрінісін көрсететін туынды. Фильм тек экрандық оқиға емес — ол шын ердің бейнесін, ел жадында мәңгі қалатын құрбандық пен ар-намыстың символын ұсынады.

«Капитан Байтасов» фильмі көрсетілді

Бүгін, 2025 жылғы 12 қарашада, республикалық акция аясында «Құрмет...

Прошёл показ фильма «Капитан Байтасов»

Сегодня, 12 ноября 2025 года, в рамках республиканской акции...

Қылмыстық — атқару жүйесі органының ардагерінің үйінде сенбілік өтті

Ішкі істер министрлігінің ардагерлер күніне орай және Ішкі істер...

«Үміт сәулесі» – қолөнер арқылы жаңа өмірге қадам

№79 түзеу мекемесінде «Үміт сәулесі» атты ерекше іс-шара ұйымдастырылды....