Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспардан тыс тексеріс басталды

Атырау тұрғындары түнде шығатын мүңкіген иіске шағымданады. Экологтар мұның себебі мұнай өңдеу зауыты болуы мүмкін дейді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.

Қала тұрғындарының айтуынша, жағымсыз иістерден әлсіздік, жүрек айну, бас ауыруы жиі пайда болады. Облыстық экология департаменті мұнай өңдеу зауытын тексеруге кірісті.

«Бұл мұнай өнімдерінің иісі. Біз Атырау мұнай өңдеу зауытын жоспардан тыс тексеруді бастадық, қызметкерлеріміз қазір зауытта. Сонымен қатар, зертхана желдің бағыты бойынша атмосферадағы ауаны бақылайды. Жел қазір оңтүстік-батыс, яғни зауыт жақтан соғып тұр», — деп түсіндірді Атырау облысы экология департаментінің басшысы Әлібек Бемұхаметов.

Тексерудің тиімді болатыны әлі белгісіз, өйткені иістің нақты себебі анықталмаған. Кәсіпорындарда көп тексеріс жүргізілді, бірақ ауаның ластану себебі әлі анықталған жоқ.

Еске салайық, бір ай бұрын департамент Атырау мұнай өңдеу зауытында профилактика бақылауын жүргізіп, жалпы сомасы 5 миллион теңгеден аса заңбұзушылықтар үшін айыппұл салған болатын.

Ұлттық орталық музейде Болат Мұхамедиевтің «Қолөнер тарихы» атты ретроспективті көрмесі ашылды

Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде көрнекті қазақстандық суретші, ауқымды...

«Адам құқықтары» тақырыбында эдвайзерлік сағат өткізілді

Қазіргі қоғамда адам құқықтарын құрметтеу және қорғау – өркениетті...

Жастардың дамуына көп күш салынып жатыр: нәтиже қандай?

Жастар – ел дамуының басты күші Қазіргі қоғамда жастар елдің...

Жеке сот орындаушысы – заң үстемдігін қамтамасыз ететін маңызды мамандық

Қоғамда заңның үстемдігін қамтамасыз ету, сот шешімдерінің орындалуын жүзеге...

Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментімен...