12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Аты, тегі және әкесінің атын өзгерткен тұлғалардың есебі

Соңғы кездері бұрын соттылығы бар азаматтар тегін, атын және әкесінің атын өзгертулері көбейіп кетті.  

Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, әрбір анықтамалық деректерді өзгерткен азамат Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) «Талдау орталығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ТО ААЖ) арқылы тексеріліп, бұрын соттылығы бар азаматтардың жаңа деректері бұрынғы деректерімен біріктірілетіндігі түсіндіріледі.

Жаңа және бұрынғы деректерді біріктіру бойынша ақпарат төмендегідей баяндалады:

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы №29 бұйрығымен бекітілген, «Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылған және тартылатын адамдарды арнайы есепке алуды және ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдарды дактилоскопиялық есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларының» (бұдан әрі-Қағида) 63-тармағына сәйкес, адамдар анықтамалық деректерін өзгерткен кезде ішкі істер органдарының көші-қон қызметі бөлімшелері әр айдың 15 және 30 күндеріне қарай, Комитеттің аумақтық органдарына осы Қағидалардың 14-қосымшасына сәйкес нысан бойынша «Анықтамалық деректерінің (тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде), ұлтын, жынысын, туған күнін мен жерін) ауысу себебімен жеке басты куәландыратын құжаттарды алмастыру мәселесі бойынша ішкі істер органдарына жүгінген азаматтар туралы мәліметтерді» ұсынады.

Комитеттің аумақтық органының қызметкерлері бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған немесе тартылатын тұлғалардың жеке деректеріндегі өзгерістер туралы ақпаратты анықтау/түсіндіру кезінде оларды ТО ААЖ-да тексереді.

Егер ТО ААЖ-да бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған немесе тартылатын тұлғаның жаңа және бұрынғы жеке деректері бар алфавиттік тіркеу карталары болса, Комитеттің аумақтық органы ақпаратты алфавиттік тіркеу картасының реквизиттері «басқа жеке деректері бар» арқылы біріктіреді.

Бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатын тұлғаның жаңа жеке деректері бар ТО ААЖ -да алфавиттік тіркеу карталары болмаған жағдайда, Комитеттің ТО ААЖ -дағы аумақтық органы «функционалдық» арқылы ақпаратты енгізеді, «OnLine GBD FL» арқылы тексеру және ЖСН толтыру арқылы «бастапқы енгізу» бөлімінде басқа жеке деректерді қосады.

Комитеттің Алматы қаласы бойынша департаментінің қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің аға прокуроры Фатима Бахытбекқызы Спанқұлова

                                                                                           #Заң_және_Тәртіп

                       #Закон и Порядок                                                              

                                                                                          

Конституция қоғамның ортақ құндылықтары мен жауапкершілігін айқындайды – Аида Балаева

Бүгінде Мемлекет басшысының ел дамуының стратегиялық бағдарына негізделген саяси...

Әділ еңбек, қауіпсіз жұмыс, лайықты жалақы: Максим Рожин жаңа Конституцияның маңызды тұсын атады

Жаңа Конституцияның нормалары өндіріс орындарындағы адамдар үшін нақты, өмірлік...

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Мәжіліс депутаты, «Ұлттық...

Қазақстан азаматтары қос немесе көп азаматтық ала алмайды: жаңа Конституцияның жобасына нақтылау енгізілді

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын...