Қатты сүйіп қалдым — Ерке Есмахан

Ерке Есмахан жеке өмірі жайлы айтты. Махаббатқа мас болған әнші сезімі жайлы оқырмандарын өзі баяндады Алайда сүйіктісінің кім екенін атап көрсеткен жоқ.

Ерке Есмахан бірнеше рет бақытты екенін айтып, махаббат жайлы жазбалар жариялады. Дәл қазіргі уақытта сүйіктісінің барын ашық айтты. Осыған байланысты әншінің желіге деген қызығушылығы төмендесе керек.

«Инстаграмға деген қызығушылығым жоғалып кетті. Бұрынғыдай суретке түсіп, сторис салуға желание жоқ, өйтетін екі саусақта жоқ. Инстасыз өмірім қайнап жатыр: бақыттымын, сүйемін және сүйіктімін. Бірақ инстаны да ұмытпау керек. Не істейін?», — деп жазды әнші.

Әріптестері мен желі қолданушылары әртүрлі пікір жазды.

«Әдемі болып тұрсың», — деп жазды Қарақат Әбілдина.

«Саусаққа да сенім жоқ деген», — деп жазды Нұрболат Абдуллин.

«Сізді кішкентай баламен елестете алмаймын, ренжімеңіз», «Бақытты болыңыздар»- деп жазды желідегілер.

Желіде Ерке Есмахан мен Азамат Зенкаевтың кездесіп жүргені айтылды. Бірі мұны хайп десе, бірі қызығушылық танытты. Енді бірі бақыт тілеп жатты.

Жақын күндері Азамат та, Ерке де кездесіп жүргенін мойындағандай болды. Желіде тікелей эфирге шығып, бірге жүрген сәттерін ашық көрсетті. Ерке Азамат Зенкаевпен бірге жүрген сәтінен видео жүктеді.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...