АТОМ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ: АЗАМАТТАР ТАҢДАУ АЛДЫНДА ТҰР

Халқымыз таңдау алдында тұр. Биылғы жылдың 6 қазанында атом электр станциясын салу мәселесі шешімін таппақ.

Өз уранымызды пайдалану сырттан әкелінетін шикізатқа тәуелділікті азайтады. Бұл құрылыс мыңдаған жұмыс орнын ашып, ғылыми зерттеулер мен технологияның жаңа мүмкіндігін ашады. Сонымен қатар, сенатор атом электр станциясын жобалау және салу кезінде тұрғындар пікірі ескерілетінін және цифрлық технология мен жасанды интеллектті дамытуға қажетті қосымша энергияны тек атом станциясының құрылысы арқылы алуға болатындығын жеткізді. Маңғыстау облысына барған сенатор Сүйіндік Алдашев пен Бекбол Орынбасаров Жаңаөзен қаласы мен Түпқараған ауданында кездесу өткізді. Бұл басқосудағы әңгіме де негізінен атом электр станциясының құрылысына бағытталды. Талқылауға бірқатар мұнай компанияларының еңбек ұжымдары, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері және азаматтық қоғамның белсенді өкілдері қатысты. Сенаторлар еліміздің тұрақты дамуы үшін АЭС жобасының маңызы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Олар сондай-ақ атом станцияларының қауіпсіздігі мәселесіне тоқталып, жоба халықаралық қауіпсіздік пен экология стандарттарына толық сәйкес келетінін атап өтті. Табиғи апаттарға байланысты қауіптер және оларды азайту мүмкіндіктері қарастырылатынын дәлелмен жеткізді. Балама энергия көздерін талқылауға ерекше назар аударылды. Алайда сенаторлар дәл осы кезеңде Қазақстанға атом энергетикасы ең тиімді шешім болып табылатынын атап өтті. Қостанай облысында болған сапарында сенатор Сергей Карплюк Алтынсарин және Федоров аудандарының тұрғындарымен пікірлесіп, Қазақстанды тұрақты энергиямен жабдықтаудағы АЭС құрылысының мән-жайын егжей-тегжейлі түсіндірді. Ол елімізде электр энергиясын тұтынудың өсуіне байланысты энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тиімді шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті. Сенатор атом электр станциясының құрылысы жас мамандар үшін маңызды болып отыр. «АЭС болашақ ұрпақты тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге негіз болады. Бұл еліміздің экономикалық және энергетикалық тәуелсіздігін нығайту жолындағы маңызды қадам», – деді Сергей Карплюк. Сенаторлар Наурызбай Байқадамов пен Руслан Рүстемов Алматы қаласында болған кезінде көпшілікті алаңдатқан жобаның қауіпсіздігіне қатысты мәселелерді талқыға салды. Онда олар ядролық физика институтының жұмысымен танысты және Қазақстан-Британ техникалық университетінің ұжымымен кездесті. Осы басқосуда жобаның қауіпсіздігін Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік бақылайтыны, ал шығындар Дүниежүзілік банктің қадағалауымен қоса үш деңгейлі аудиттен өтетіні белгілі болды. Сонымен қатар, жиында атом өнеркәсібіндегі отандық кәсіпорындардың рөліне ерекше назар аударылды. Мамандардың айтуынша, «Қазатомөнеркәсіп» компаниясында уран өңделеді және ядролық отын қалдығы жинақталып көміледі. Елімізде ядролық реакторлар жарты ғасырдан астам уақыт жұмыс істеп келеді, олар ядролық ғылымның дамуына қолдау көрсетуде. Сенатор Руслан Рүстемов еліміздің шикізаттық емес әлеуетін дамыту үшін атом энергиясын тиімді пайдалануға бағытталған ғылыми жобаларды жүзеге асыру қажет екенін атап өтті. «Еліміздің шикізаттық емес әлеуетін дамытуда Ядролық физика институты ғалымдарының зиянды органикалық заттардың, зиянды микроорганизмдердің, судан радиациялық өңдеу арқылы таралатын аурулардың, химиялық реакциялардың әсері туралы жобаларын жүзеге асыруға уақыт қалған жоқ. Институт ғалымдары озондауға қарағанда радиациялық өңдеудің үнемді екенін және хлорлаудан әлдеқайда тиімді болатынын, сонымен қатар әлемдегі азық-түлік тапшылығын өтейтінін ертеде дәлелдеген болатын. Бейбіт атомның ел экономикасындағы әлеуетін арттыру және оның өнеркәсіптегі жетістіктерін тиімді пайдалануға бағытталған жобаларға жол ашу керек», – деп атап өтті сенатор Р.Рүстемов. Парламентшілер алдағы референдумның маңызына тоқталып, оны азаматтар мен мемлекет арасындағы саяси мәдениет пен сенімді нығайтудың маңызды құралы деп атады. Олар барша қазақстандықты дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды, өйткені әркімнің дауысы ел болашағы үшін маңызды.

А.ТҰРМАҒАНБЕТОВА, «Заң газеті»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты.Ақорда резиденциясының...

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.