«Атадан мал қалғанша,
тал қалсын»

Биылғы ағаш отырғызу маусымын алматылық журналистер бастады. ҚР ЭГТРМ Орман шаруа­шылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ұйымдастыруымен өткен бұл шара Халықаралық орман күніне орайластырылды.

Алматылық журналистерге арналған баспасөз туры аясында алдымен «Республикалық орман селекциялық-тұқым орталығының» қызметі таныстырылып, орман шаруашылығына байланысты атқарылған жұмыстар мен брендтік жобалар жайында ақпарат берілді. Мамандардың айтуынша, Президенттің 2020 жылғы Жолдауына сәйкес, 2021-2025 жылдары 843,0 мың га алқапқа 2 млрд ағаш отырғызу жоспарланған. Көк желектің басым бөлігі Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының, сондай-ақ Семей және Ертис орманы резерватының аумақтарында отырғызылады деп жоспарланған. Ел аумағын көгалдандыру мақсатын көздеген жобаны іске асыру аясында «Қазақстан Ғарыш Сапары «ҰК» АҚ және «Қазақ орман орналас­тыру кәсіпорны» РМҚК-мен бірлесіп, орман молықтыру шараларын онлайн қарауға мүмкіндік беретін интерактивті карта жасаған. Картаға енгізілген орман мекемелерінің, орманшылықтардың, орамдардың, телімдердің шекаралары көрсетілген таксациялық сипаттамасы бар карталар қабаттары және ай сайын жаңартылып отыратын аса жоғары кеңістіктік рұқсаттағы ғарыш түсірілімдері, ағаш отырғызу, тұқым дайындау, тұқымбақтар жөніндегі мәліметтер автоматты түрде дерекқорға түседі және барлық пайдаланушылар үшін қолжетімді болады. Ең маңыздысы, ҮЕҰ мен мүдделі жандарға суреттер мен бейнематериалдарды, ағаш отырғызу және күтіп-баптау жұмыстары туралы түсінік беріліп, мониторинг жүргізіледі, сөйтіп, атқарылған істердің ашықтығын қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, Android OS және IOS платформалары үшін инспекторлардың ағаш отырғызу туралы ақпаратты өз бетінше толтыруына және көрсетуге мүмкіндік беретін мобильді қосымша жасалған.
Келесі кезекте журналистерді микроклондау арқылы одан әрі жаппай тарату үшін вируссыз, генетикалық біртекті отырғызу материалын алумен айналысатын зертхананың жұмысымен таныстырды. Мұнда «Іле Алатауы» ұлттық паркінде кездесетін бұта тұқымдас сиверс алмасы, қайың мен көктеректің түрлерінің гендері өсіріледі.
Ұлыстың ұлы күнімен тұспа тұс келген іс-шара соңында «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген сөзді ұстанған қаламгерлер «Междуреченск» өндірістік бөлімшесінде қырым қарағайының көшеттерін отырғызып, көгалдандыру жұмыстарына өз үлес­терін қосты.

Айгүл АХМЕТОВА,
«Заң газеті»

«Вершины, которые мы выбираем»

1 ИЮЛЯ 2026 ГОДА – ДАТА, КОТОРАЯ ВОЙДЕТ В...

Великая история как драйвер экономики 

ВЕРНУВШИСЬ ИЗ КИТАЙСКОЙ ДУХОВНОЙ СТОЛИЦЫ – ДРЕВНЕГО ГОРОДА СИАНЬ,...

Ценности, приоритеты, вызовы

Конституционная реформа в Казахстане стала важным этапом модернизации государственного управления и укрепления принципов демократического правового государства. Как известно, с 1 июля 2026 года в нашей стране вступает в законную силу новая Конституция. В этой связи в Казахском национальном университете им. аль-Фараби 2 июля состоится Международная научно-практическая конференция на тему: «Новая Конституция Республики Казахстан: новые ценности, новые вызовы, ответственность перед будущими поколениями».

Школа патриотизма

ГЛАВА ГОСУДАРСТВА КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ПОСЕТИЛ XII МЕЖДУНАРОДНЫЙ ВОЕННО-ПАТРИОТИЧЕСКИЙ СБОР МОЛОДЕЖИ «АЙБЫН», ПРОХОДИВШИЙ В ЩУЧИНСКЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ. В ПРОГРАММЕ МЕРОПРИЯТИЯ – ВОЕННО-СПОРТИВНЫЕ, ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬНЫЕ, ТВОРЧЕСКИЕ И ВОЕННО-ПРИКЛАДНЫЕ СОРЕВНОВАНИЯ.

Укрепление партнерских отношений

В Алматы в стенах Казахской академии спорта и туризма...