12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҚАТАҢ ЖАЗА ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ АЗАЙТАДЫ

Жақында Алматы қалалық мәслихатының депутаты Бекбол Батыржанұлы Рамазан мен Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент маманы Рашид Болатұлы Супуғалиев Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекеме қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мәселесі талқыланды.
Жемқорлыққа қарсы әрекеттің бірі – Қазақстан Президенті Қ-Ж. Тоқаевтың бастамасымен жемқорлыққа қатысты қолданылатын жазаның қатаңдатылғаны. Соның бірі – сотталған жемқорларға қатысты мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың күші жойылғаны. Сыбайластыққа қарсы күресті күшейту мақсатында өткізілген жиында ел дамуына нұқсан келтіретін кеселдің алдын алуға Алматы қаласы бойынша ҚАЖД қарасты мекеме қызметкерлері де өзіндік үлес қосып келе жатқаны тілге тиек болды.
«Жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу өз нәтижесін беруде.

Жұмыс барысында біз ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа апаратын себептерді анықтай отырып, қызметкерлерді адал жұмыс істеуге шақырамыз. Бүгінде қылмыстық-атқару жүйесі саласының қызметкерлері де аталған салада қызмет өткерудің артықшылықтарына ие болуда. Қызметкерлерге жоғары басшылық тарапынан көрсетіліп отырған қамқорлықтың нәтижесінде жеке құрам арасындағы жемқорлық фактілері де жыл сайын азайып келеді»-деді кездесуде сөз сөйлеген Алматы қаласы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары әділет полковнигі Е.Ұзақов.

Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою

Апостиль- бұл басқа елдегі кез келген ресми құжаттың түпнұсқалығын...

«Сот кабинеті» ақпараттық сервисінің жаңашылдықтары

2014 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты өзінің (www.sud.kz)  ресми...

Какие инфекции представляют наибольшую опасность в больнице?

Больничная среда - это место, где пациенты получают помощь,...

Ауруханада қандай инфекциялар үлкен қауіп төндіреді?

Аурухана ортасы - бұл науқастарға медициналық көмек, ем және...

Сот көші-қон ережелерін бұзған шетел азаматын елден шығару туралы шешім қабылдады

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласы мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар...