Ата заң елімнің қорғаны!

Алматы қаласының ҚАЖ Департаментіне қарасты №11 мекемесінде кәмелетке толмаған жазасын өтеуші жасөспірімдер арасында 30-тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған «Ата заң елімнің қорғаны!» атты мәдени іс шара өтті. Іс шараға Жамбыл атындағы қалалық жасөспірмдер кітапханасының көпшілік  іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Қозыбекова Роза  Қадырғалиева және оқырмандар залы бөлімінің қызметкерлері Қадырғали Фариза, Рақым Айтолқын бірлесе отырып, өткізілді.

Бұл мәдени шараның мақсаты: жазалы жасөспірімдерге, ата заңы жөнінде мәлімет беру, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, жасөспірімдердің үмітін оятып өздерінің қоғамға керек азамат екенін олардың түзелуіне көмек көрсету болып табылады.  Қадырғали Фариза, Конституция туралы баяндамасын оқып, тарихтан бастап қазіргі күнге дейінгі қолданыстағы заңға толық түсініктеме берді.

Жазалы жасөпірімдер екі тілде конституция күніне арналған өлең шумақтарын жатқа оқыды. Рақым Айтолқын елдер мен жерлер туралы қызықты мәліметтер туралы жазалы жасөспірімдерге, Quiz-интеллектуалды қызықты ойын өткізді.  Мерекенің соңы  Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлерінің дайындаған  жаңа кітап көрмесімен аяқталды. Сотталғандар арасындағы әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмысы бөлімі бастығы  әділет подполковнигі Бәзілбаева Алма Қойшыбаевна  кітапхана қызметкерлеріне мекеменің атынан алғыс білдірді.  Болашақта да осындай жақсы мерекелік шаралардың жиі өтіп тұратынын айта кетті.

                                                                        №11 мекеме  Еркегүл Жеңісхан

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...

За год Казахстан обошел Португалию и Финляндию по объему экономики

Международный валютный фонд в октябрьском обзоре мировой экономики оценил...