12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Ата Заң – Еліміздің тірегі

Биыл Тәуелсіз Қазақстанның Ата Заңы – Конституцияның қабылданғанына 25 жыл толды. Қазақстанның негізгі заңы болып саналатын Конституция күні біздің байтақ даламыздың әрбір азаматы үшін мереке. Қазақстанның Конституция күні еліміздің демократиялық дамуының берік іргетасы. Конституцияны қабылдау адам мен азаматтың құқығын қамтамасыз етудегі маңызды қадам болғаны анық. Бұл Қазақстанның әлемдік аренадағы халықаралық беделінің артуына ықпал етті.

Өз елін құрметтейтін әрбір азамат үшін оның құқықтық негіздерін белгілеген Конституция қастерлі құжат. Бұл — жай ғана адал ниеттің декларациясы емес, шынайы қызмет ететін заңдар жиынтығы. Конституция – азаматтардың құқығы мен бостандығын, қуатты мемлекетіміздің егемендігі мен бүтіндігін сақтайтын темірқазық.

Халықтың билікке заңға деген құрметі болмаса – елдігімізге сын. Сондықтан азаматтарымызға мемлекетті заңдылыққа нем құрайлы қарамаудың мән-маңызын түсіндіру қажет. Осы ретте Абай атамыздың қара сөзіне зейін қойған абзал. Ұлы ақын өзінің шығармашылығында елдік мұратты асқақтатып, ұлт бірлігін биіктетеді. Демек Абайдың Қазақстан қоғамы, береке – бірлігі үшін аса құнды.

Тәуелсіз еліміздің Конституциясы күнімен құттықтай отырып, баршаңыздың отбасыларыңызға амандық, құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін, әрбір бастамаларыңыз ел игілігі үшін жемісті болсын!

 

Тараз қаласының мамандандырылған

әкімшілік сотының төрағасы Б.Оразымбетов.

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...

Тіл-асыл құндылық

Мемлекеттік тіл - бұл осы мемлекеттің рәміздерінің бірі болып...