spot_img
spot_img

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Тәуелсіздігіміздің тірегіне, азаттығымыздың алтын тамырына айналған Ата заңның қолданысқа енгізілгеніне биыл 30 жыл толып отыр. Отыз жыл аз уақыт емес. Қазақтың өзі отыз жас – орда бұзар жас деп тегін айтпаған. Осы жылдар ішінде Қазақстан шын мәнінде үлкен даму жолынан өтті. Өз алдына дербестігін алған еліміз шекарасын бүтіндеп, мемлекеттік рәміздерін айшықтап, азаматтарға жайлы да қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізді. Бүгінде Қазақстанды танымайтын ел жоқ. Қазақстанның болашағына, елдегі заңдылық пен татулыққа сенген шетелдік инвесторлар да кәсібін ашып, бізбен әріптестік байланыс орнатуға күш салуда. Осындай іргелі істердің барлығының артында Ата Заңның тұрғанын айту артық.

Ел Конституциясы – халықтың арман, мақсатын орындаған, көпшіліктің талқысының нәтижесінде дайындалған сарабдал құжат. Ата заңды әзірлеу ісіне ісіне Қазақстанның таңдаулы ғалымдары мен заңгерлері, әр саланың білікті мамандары жұмылдырылғаны белгілі. Сонымен қатар, заң заман талабына сай келуі үшін көптеген шетелдік Конституциялар зерделенген еді. Әсіресе тәуелсіздікті жаңа алған елдердің даму үрдісі, халықтың хал-ахуалы назарға алынып, Ата заңдары өркениетке бастаған елдердің заңдық тетіктері терең сарапталды. Бұл жерде өзге елдердің озық тәжірибесін Қазақстан халқының менталитетіне, болмыс-бітіміне сәйкестендіру жағына басымдық берілгенін айта кеткеніміз жөн. Яғни, бүгінгі Конституция – халықтық құжат. Әрі ол көпшілікпен кеңесе отырып дайындалған заң. «Кеңескен істе кемшілік болмайды» деп бабаларымыз айтпақшы, бүгінгі Конституцияның ел көңілінен шығуына да сол көпшіліктің кеңесе, ақылдаса, талқыға сала отырып қабылдануына түрткі болған еді.

Конституция тоғыз бөлім мен тоқсан сегіз баптан тұрады. Оның ең алғашқы бабы: «Қазақстанның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», – деп басталатыны мәлім. Осының өзі  мемлекетімізде адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтарының өте жоғары дәрежедегі құндылық ретінде бағаланатындығының нақты дәлелі. Конституцияның арқасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесі айқындалды. Бас құжат азаматтардың құқығы мен бостандығының кепілі болып қоймай, сонымен бірге, азаматтарды жасына, жынысына, тіліне, діліне, ұлтына байланысты кемсітуге, төмендетуге тыйым салуымен де құнды болып отыр.  

Конституция халықтың тек мемлекет ішіндегі ғана емес, шекара сыртындағы қауіпсіздігі мен құқығының қорғалуына кепілдік береді. Соның арқасында біздің азаматтар өздері қалаған мемлекеттерді еркін аралап, көптеген елдермен әріптестік байланыс орнатып, кәсібін ашып, жұмыс істеуге мүмкіндік алып отыр. Өзге елдердегі қазақстандықтардың қиын жағдайда құқықтық көмек, мемлекеттік қолдауға ие болатынына Конституция толық кепілдік беруде.

Еліміздегі барлық заңдардың бастауы, тірегі – Конституция. Конституция талаптарына сәйкес келмейтін, Ата заңның алғышарттарына қарсы қағидалар дәйектелген кез келген заңның күші жойылады. Бұл елдегі заң үстемдігінің басты шарты.

Міне, биыл за институтындағы тарихи белес, ерекше жыл. Себебі, Конституциямыздың қабылданғанына 30 жыл болды. Егемен елдің тірегі болған Ата заңды білу, оның талаптарын үнемі сақтау баршамыздың азаматтық міндетіміз. Құқықтық мемлекет құрып, өркениетті ел болу – заңды сыйлаудан басталады. Ендеше, заң талаптарын мүлтіксіз орындау арқылы құқықтық мемлекеттің тұғырын биіктетіп, беделін арттыратынымызды ұмытпайық!

Дана Тамашаева,

Алматы гарнизоны әскери сот әкімшісінің басшысы

Тарих және тұлға Шоқан– қазақтың тұңғыш заңтанушы реформаторы

         Шоқан – патшалық Ресей мемлекетінің қол астында қызмет еткенімен, өзінің...

Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуын тергеп-тексеру және әкімшілік істерге дау айту мәселелері

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 20-тарауында бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың...

Отбасындағы бейбітшілік – қоғамның берекесі

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен 2024 жылы 16...

26,3 млн тонн зерновых намолочено в КазахстанеО ходе уборочной кампании рассказали в Минсельхозе

Как сообщили в Министерстве сельского хозяйства РК, уборочная кампания...

Ұлттық музыка мұрасы Александр Затаевичтің зерттеулерінде

«Ауыл» партиясының Орталық аппараты және Алматы өңірлік филиалының ұйымдастыруымен...