12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Ата Заң – Тәуелсіз Қазақстанның берік тұғыры

Конституция – мемлекеттің негізгі заңы, елдің тәуелсіздігі мен бірлігінің, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданды. Сол күннен бастап бұл күн елімізде Конституция күні ретінде аталып өтеді. 2025 жылы осы маңызды құжаттың қабылданғанына 30 жыл толып отыр.

Конституцияның қабылдануы – тәуелсіз Қазақстанның дамуы жолындағы тарихи бетбұрыс болды. Ол еліміздің демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде қалыптасуына негіз қалады. Конституцияда билік тармақтарының бөліну қағидаты нақты көрсетіліп, Президент, Парламент, Үкімет және сот органдарының өкілеттіктері айқындалды. Сондай-ақ, әрбір азаматтың құқығы мен еркіндігіне кепілдік берілді.

30 жыл ішінде Қазақстан Конституциясы ел дамуымен бірге жаңарып, уақыт талабына сай өзгерістер енгізіліп отырды. Соңғы жылдары жүзеге асқан саяси реформалар мен конституциялық өзгерістер халық билігін күшейтіп, әділдік пен жауапкершілік қағидаларын бекіте түсті. Бұл – еліміздің демократиялық дамуының айғағы.

Конституция – қоғамның тұрақтылығы мен тұтастығын сақтаушы күш. Ол Қазақстан халқын ортақ мақсатқа біріктіріп, бейбіт өмір мен келісімнің кепілі болып отыр. Әрбір қазақстандық өз елінің Ата Заңын құрметтеп, оның талаптарын орындауы – азаматтық парызы.

Қорытындылай келе, Қазақстан Конституциясының 30 жылдығы – тек заң мерекесі ғана емес, тәуелсіз ел тарихындағы маңызды белес. Ата Заңымыз – ел бірлігі мен тұрақтылығының негізі. Сондықтан оны қастерлеу, қорғау және келер ұрпаққа аман жеткізу – әрбіріміздің қасиетті міндетіміз.

«Конституция – елдің айнасы, мемлекеттің тірегі, халықтың еркіндігі мен теңдігінің кепілі.»

М.Жакупова, Қызылорда қаласының №2 соты бас маман-сот отырысының хатшысы

Конституция қоғамның ортақ құндылықтары мен жауапкершілігін айқындайды – Аида Балаева

Бүгінде Мемлекет басшысының ел дамуының стратегиялық бағдарына негізделген саяси...

Әділ еңбек, қауіпсіз жұмыс, лайықты жалақы: Максим Рожин жаңа Конституцияның маңызды тұсын атады

Жаңа Конституцияның нормалары өндіріс орындарындағы адамдар үшін нақты, өмірлік...

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Мәжіліс депутаты, «Ұлттық...

Қазақстан азаматтары қос немесе көп азаматтық ала алмайды: жаңа Конституцияның жобасына нақтылау енгізілді

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын...