12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ата Заң – тұрақтылық тірегі

Биыл Республикамыздың Негізгі Заңы – Конституцияның қабылданғанына 30 жыл толды. Ел Конституциясымен бекітілген әрбір норма Қазақстанның халықтық мемлекет екендігінкөрсетеді. Мысалы, 3-бапта мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы халық екені жазылса, ал 12-бапта адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылғаны және абсолютті деп танылатыны, олардан ешкім айыра алмайтыны, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталатыны нақтыланған.  Бұл нормалар жер мен оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі екенінің айқын дәлелі. Қабылданғалы бері жасалған конституциялық реформалар елімізде жаңа құқықтық жүйе қалыптастырып, мемлекетіміздің халықаралық деңгейдегі дәрежесін жоғарылатты.

ҚР Конституциясы әрбір адамның еркін әрі тұрақты, тыныш өміріне кепілдік етеді. Яғни, әр азаматтың құқықтары мен бостандығын, заңды мүдделерін құрметтеу, сот пен заң алдындағы теңдігін сақтау, меншік, еңбек құқығын қорғау, т.б. Конституциямен қамтамасыз етілген. Ешкімді де тегiне, əлеуметтiк, лауазымдық, сондай-ақ, мүлiктiк жағдайына, ұлты мен тіліне, дiни көзқарасына, тағы басқа ерекшеліктеріне қарап кемсітуге, қадiр-қасиетiне қол сұғуға, жəбiр көрсетуге болмайды. Қазақстанда өмір сүріп жатқан әртүрлі этнос өкілдерінің ынтымағын нығайтуда Ата Заң айрықша маңызға ие.  Ел азаматтары əлемнің барлық еліндеқорғалады. 

Конституция еліміздегі барлық заңның негізі, заңдар мен құқықтық актілер, ережелер осы Негізгі Заңды бағдар етеді. Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек қана сот  жүзеге асыратыны Конституциямен бекітілген. 

Ел Президенті Негізгі Заңның қоғам арқа сүйейтін басты қағидаттар жиынтығы екенін айтып, «Конституцияның арқасында заң үстемдігі мен тəртіп қамтамасыз етіліп, ауқымды өзгерістер кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне əр азамат өз үлесін қосып келеді» деген болатын. Конституция Республикамыздың беделін биіктетіп, Адам құқықтары жөніндегі Уəкіл мəртебесін конституциялық деңгейге көтерді, сонымен қатар, азаматтарды Конституциялық Сотқа тікелей жүгіну құқығына ие етті. Тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктеріміздің бастысы — мемлекетіміздің ішкі саяси тұрақтылығы сақталып, алыс-жақын шет елдермен іскерлік байланысы нығайды. Заң талаптарын бұлжытпай орындап, нық сақтау жауапкершілігі Қазақстанның тұрақты дамуына жағдай жасайды. 

«Бірлігі мықты елдің – тірлігі мықты» дегенді бабаларымыз бекер айтпаған. Сондықтан, Ата Заңға көрсетілген құрмет бірлігімізді арттырып, тұрақтылығымызды  нығайтады. Тұрақтылық —  тыныштық кепілі, осы себепті, Конституцияның үстемдігі республикамыздың тұрақты дамуынқамтамасыз етеді. Себебі, оның әрбір бабы әрбір адамның қадір-қасиетін, бостандығы мен әділдігін заңнамалық әрі ізгілік бағытта қамтамасыз етуге арналған. 

Конституция әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуде, адам құқықтарын қорғауда және демократиялық мемлекет құруда басты рөл атқарады.

Майра Калиева,

Ақтау қаласының №2 сотының судьясы

Денежное взыскание

Одним из новшеств АППК является мера процессуального принуждения в...

«Ой шебері»: Жамбыл жастарының білімге құштарлығын арттырған зияткерлік дода

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін...

Деректерді қорғау заман талабы

2025 жылғы 26 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің...

Жер дауларының өзекті мәселелері

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына 2025 жылдың басынан...

Почему мы перестали читать?

ГДЕ-ТО В ДАЛЕКИХ 90-Х ГАЗЕТНЫЕ ЗАМЕТКИ БЫЛИ НЕ ПРОСТО...