12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ата Заң — мемлекттің бас құжаты

Осыдан 30 жыл бұрын бүкіл халықтық референдумда Қазақстанның көп ұлтты халқы өзінің егемендік құқығын барша әлемге танытып, көптеген елдерге мықты демократиялық жолмен дамып келе жатқан мемелекет екендігін көрсетті. Сөйтіп, 1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан Республикасының Ата Заңы өмірге келді. Бүгінгі таңда Қазақстанның Ата заңы әлемдегі ең жас Конституциялардың бірі болып саналады.

Еліміз 30 жылдың ішінде бірқатар экономикалық саяси және идеологиялық кезеңдерден өтті. Бұл дамушы мемлекеттерге тән құбылыс. Нәтижесінде Қазақстан Республикасы қазіргі заманға сай ең көрнекті елдердің қатарына енді.  Отыз жылда бейбіт жолды ұстанып, нығайта білген  жаңа мемелекеттің туы —  көк байрағымыз желбіреді.

Конституциямыз адам құқықтары мен бостандықтарын ең жоғары құндылық ретінде танытып, әр бір азаматтың қауіпсіз өмір сүруіне , білім алуына, еңбек етуіне, өз ойын еркін білдіруіне заңды кепілдік берді. Ата заң тек мемлекетті басқару құралы ғана емес,- халқының қадір-қасиетін қорғаушы қалқан болды.

Ата заңда  судьялар сот төрелігін атқару кезінде тәуелсіз, Конституция мен заңға ғана бағынады. Конституциямен белгіленген сот төрелігінің принциптері Республиканың барлық соттарымен судьяларына ортақ және бірыңғай болып табылатыны нақтыланған.

Ата заң – тәуелсіз елдің тынысы, мемлекеттің тірегі. Бұл мереке- жәй ғана күн емес, халқымызды әділдік пен заңға бағынуға үндейтін қасиетті күн. Халық болып қабылдаған Конституцияны  құрметтеу әр азаматтың міндеті әрі парызы.

Осыған орай,  төл басылымымыз республикалық «Заң газеті» арқылы барша әріптестерімізді  Конституция күнімен құттықтаймын!

       Р. Қуанышбек,

        Қонаев қалалық соты

       Әкімшісінің басшысы

Алматы облысы

Білім мен тәжірибені ұштастыраған абзал

Негізі газет, кітап оқығаннан ұтпасақ ұтылмаймыз. Себебі, көру органы...

Мультимагия из «Балдаурена» 

В ПОСЕЛКЕ ШОРТАНДЫ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ В ДЕТСКОМ САДУ «БАЛДАУРЕН»...

Эпоха цифровизации и вызовы

ЦИФРОВИЗАЦИЯ И РАЗВИТИЕ ИСКУССТВЕННОГО ИНТЕЛЛЕКТА ОТКРЫВАЮТ ПЕРЕД ОБЩЕСТВОМ БОЛЬШИЕ...

На языке пластики

КОГДА В 2000 ГОДУ ПРИ АКМОЛИНСКОМ ОБЛАСТНОМ ЦЕНТРЕ НАРОДНОГО...

Там, где поет домбра… 

В Доме дружбы г. Кокшетау теперь будет еще больше...