Ата Заң – айбынымыз

Ата заң – мемлекеттің негізгі әрі ең жоғары заңы. Оның басты рөлі елдегі барлық құқықтық қатынастарды реттеуге, қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға және адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге бағытталған. Ата Заң – кез келген мемлекеттің басты құндылығы, құқықтық қорғаны.

Жаңа Конституцияның қабылданып, қолданысқа енуі – Қазақстан тарихындағы айтулы оқиға. Осы күннен Қазақстанның құқықтық шежіресінің жаңа парағы ашылады. Жаңа басымдықтарды белгілеп, жаңа құндылықтарды айқындаған Конституциямыз шын мәнінде нағыз халықтық, елдік құжат. Себебі Конституция сияқты ашық алаңда кең көлемде талқыланған, сарапқа салынған құжат аз. Бұл да халық пікірінің ескерусіз қалмайтынын айқындайтын бірден-бір фактор. Жаңа жобаға қатысты азаматтардан 10 мыңнан астам ұсыныс пен пікірдің түсуі халықтың құқықтық сауатының өскенін және заңдық өзгерістерге бейжай қарамайтынын дәлелдесе керек. Осының өзі Конституциялық талқылаудың билік пен халық арасын жалғаған, ашық диалогты нығайтқан тетік екеніне көзімізді жеткізіп отыр.

Конституцияның пәрменділігі оның жоғары заңды күшке ие болуымен, қоғамдағы барлық процестерді тікелей реттеу қабілетімен және мемлекет пен азаматтардың оның талаптарын бұлжытпай орындауға міндеттілігімен өлшенеді

Ең алдымен бұл құжат Қазақстан тарихында тұңғыш рет қазақ тілінде жазылуымен ерекшеленіп отыр. Егер заңды қолдануда қандай да бір талас туындаған кезде азаматтар енді қазақ тіліндегі нұсқаға назар аударады. Осы арқылы қазақ тілін заң тіліне айналдыруға, құжаттарды қазақша сөйлетуге негіз қаланып отырғаны қуантады.

Жаңа Конституцияның тағы бір ерекшелігі – адам құқықтарына басымдық берілуінде. Адам құқықтары мен бостандықтары жаңа Преамбулада ғана емес, бүкіл Конституцияның негізгі өзегі ретінде өрілген. Ал бірлік пен келісім, этносаралық және конфессияаралық татулық Қазақстан мемлекеттілігінің іргетасы ретінде айқындалды.

Сондай-ақ енді еліміздің саяси-мемлекеттік жүйесі жаңа модельге сай жұмыс істейді. Қос палаталы Парламенттің орнына Бірпалаталы Құрылтай өз жұмысын бастап, Вице-Президент, Қазақстан Халық Кеңесі институттары тәжірибеге енгізіледі. Бұл институттардың әрқайсысының құқықтық мемлекеттің заңдық қағидаттарын қамтудағы маңызы ерек. Бүгінгі күннен бастап көптеген лауазымды тұлғалардың қызметіне қатысты бірреттік мерзім белгіленіп, азаматтар құқығын қорғаудың әлемдік формуласы саналатын – Миранда ережесі қолданысқа қосылмақ.

Жалпы, жаңа Конституцияның ережелері мемлекетіміздің институционалдық негізін трансформациялау процесінің аяқталуын және мүлдем жаңа конституциялық үлгіге көшуді көздеп отыр. Құжатта тек заманауи қоғамдық құндылықтар мен мемлекеттік саясат қағидаттары көрсетіліп қоймай, еліміздің алдағы ілгері дамуы үшін ұзақ мерзімді негіздер басшылыққа алынған.

         Қоғамға осындай іргелі өзгерістер әкелген Конституциямыз ел игілігіне ұзақ уақыт қызмет етеді деп сенеміз.

И.Кумысбаева,

Алматы қаласы

Түрксіб аудандық соты Әкімшісінің басшысы

Профилактика перегрева в летний период: советы врача-гериатра по сохранению здоровья в жару

Жаркое лето для многих становится настоящим испытанием, особенно для...

СОТ АШЫҚТЫҒЫ — ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ ҚАҒИДАСЫ

Қазіргі заманғы құқықтық мемлекеттің қалыптасуы мен тұрақты дамуының басты...

Медиация және татуластыру рәсімдері – дауларды бейбіт жолмен шешудің тиімді тетігі

Қоғамдағы құқықтық қатынастардың дамуына байланысты азаматтар мен заңды тұлғалар...

Восстановление прав услугополучателей является одним из приоритетных направлений

Одним из приоритетных направлений деятельности Департамента Агентства РК по...

Қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтіру басым бағыттардың бірі болып табылады

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша...