Егер сізді балаңызбен қарым-қатынасыңыз бен көрсеткен тәрбиеңіз үшін заңды түрде ата-аналық құқығыңыздан айырса онда сіздің қайтадан толыққанды ата-ана атануға мүмкіндігіңіз бар екенін біліп жүріңіз.
Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» кодексіне сәйкес сіз егер өз өмір сүру салтыңызды, балаға деген қарым-қатынасыңызды өзгерте алған жағдайда ата-аналық құқығыңызды қалпына келтіруге болады.
Өз кезегінде 10 жасқа толған балаға қатысты ата-аналық құқықты қалпына келтірудің тек баланың келісімімен ғана жүзеге асырылатынын атап өткен жөн. Осылайша сізге өз ата-аналық құқығыңызды қалпына келтіруге мүмкіндік беріледі. Алайда, осыған дейін сізге деген сенімін жоғалтқан баланың қайтару оңайға соқпайды.
Ата-аналық құқықты қалпына келтіру туралы заңнамаға сәйкес ата-аналық құқықты қалпына келтіру мәселесі ата-аналық құқығынан айырылған ата-аналардың арызы бойынша тек сот тәртібімен ғана қаралады. Ата-аналық құқықты қалпына келтіру ісі ата-ананың, аудандық білім бөлімі мен облыстық білім басқармаларының қамқоршылық бөлімінің, сонымен қатар прокуратура өлкілінің қатысуымен қарастырылады. Егер сіз ата-аналық құқығыңызды қапына келтіруге ниетті болсаңыз, онда сізге сотта аталған іске саналы түрде барғаныңызды дәлелдеу қажет болады. Талапарыз сотта тиісті дәлелдермен расталуы тиіс.
Бұл мақсатта талапкер сотқа тұрғылықты жері мен жұмыс орнынан наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұрмағаны жөнінде мәлімет ұсынады. Сондай-ақ, қамқоршылық және қорғаншылық органымен міндетті түрде баланың қалыпты өмір сүре алу жағдайының бар-жоғына талапкердің тұрмыстық жайына тексеріс жүргізіледі. Талапкердің тұрғылықты жеріндегі сипаттамасы тұрмыс жағдайы төмен отбасын бақылауға алған кәмелет жасына толмағандар жөніндегі инспектормен ұсынылады. Сот баланың пікірін ескере отырып егер баланың мүддесіне қайшы келген жағдайда ата-аналық құқықтарын қалпына келтіру туралы ата-аналардың талапарызын қанағаттандырудан бас тартуға құқылы. Баланың пікірі баланың тұрғылықты жері бойынша ата-аналарының немесе басқа заңды өкілдерінің қатысуымен қабылданған қамқоршылық немесе қорғаншылық функцияны жүзеге асыратын органның шешімімен рәсімделеді.
Кодекстің 62 бабына яғни баланың өз құқығын білдіру құқығына сәйкес бала оның мүддесін қозғайтын кез-келген мәселені шешу кезінде өз пікірін білдіруге, сонымен қатар кез-келген сот немесе әкімшілік іс қарауы барысында тыңдалуға құқылы. Он жасқа жеткен баланың пікірі оның мүдделеріне қарама-қайшы келетін жағдайлардан басқа шақта ескерлуі міндетті. Осы кодекспен қарастырылған жағдайларда қамқорышық немесе қорғаншылық функцияларды жүзеге асыратын органдар яки сот шешімді тек он жасқа толған баланың келісімімен және оның заңды өкілдерінің қатысыумен ғана қабылдай алады.
Ата-аналық құқықтарды қалпына келтіру туралы талапарыздарды қарастыру кезінде сот ата-аналардың өмір сүру салты мен олардың балаларды тәрбиелеуге қатысты жүріс-тұрысы өзгерген яки өзгермегенін анықтайды.
Ата-аналық құқықтарды қалпына келтіру туралы талапарызбен бірге сол тұлғаның баланы оған тапсыруы туралы талапарыз қарастырылуы мүмкін.
Ата-аналық құқықтарды қалпына келтіру туралы сот шешімінің үзіндісі заңды күшіне енгеннен кейін үш күн ішінде сотпен баланың туылуын мемлекеттік тіркеу орны бойынша АХАЖ органына және қамқоршылық және қорғаншылық органына жолданады.
Егер бала асырап алынып және асырап алынған бала кері қайтарылмаса ата-аналық құқықты қалпына келтіруге рұқсат берілмейді.
Нұрлан Төкішев,
Ақмола облысының кәмелет жасына толмағандар
істері жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық әкімшілік соты әкімшісінің басшысы