Отбасы қоғамның негізгі институты болып табылады. Алайда қазіргі таңда ажырасу жағдайларының көбеюі ата-аналар арасында баланың кіммен бірге тұратынын анықтау мәселесін өзекті етуде. Мұндай даулар баланың психологиялық жағдайына әсер етіп қана қоймай, оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қажеттілігін туындатады.Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес балалар мемлекеттің қорғауында болады. Сонымен қатар, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексте ата-аналардың құқықтары мен міндеттері белгіленген.Баланың тұрғылықты жерін анықтаудың құқықтық негіздері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ата-аналар бөлек тұрған жағдайда баланың тұрғылықты жері олардың өзара келісімі бойынша анықталады. Егер келісімге келе алмаса, дау сот тәртібімен шешіледі.
Сот баланың тұрғылықты жерін анықтау кезінде келесі мән-жайларды ескереді:баланың жасын;ата-аналардың моральдық және жеке қасиеттерін;баланың әрбір ата-анаға деген жақындығын;ата-аналардың баланы тәрбиелеу және дамыту мүмкіндіктерін;тұрғын үй және материалдық жағдайларын;қорғаншылық және қамқоршылық органының қорытындысын.Бұл ретте басты қағида – баланың мүддесін барынша қамтамасыз ету болып табылады.
Баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы істерді қарау барысында бірқатар проблемалар кездеседі.
Біріншіден, кейбір жағдайларда ата-аналар баланы өзара жанжал құралы ретінде пайдаланады. Бұл баланың психологиялық денсаулығына теріс әсер етеді.
Екіншіден, сот тәжірибесінде баланың пікірін ескеру мәселесі толық біріздендірілмеген. Заңнама бойынша он жасқа толған баланың пікірі ескерілуі тиіс болғанымен, оның нақты қаншалықты дәрежеде шешім қабылдауға әсер ететіні әртүрлі бағаланады.
Үшіншіден, ата-аналардың материалдық жағдайына шамадан тыс назар аудару фактілері кездеседі. Алайда халықаралық стандарттарға сәйкес баланың әл-ауқаты тек қаржылық мүмкіндіктермен шектелмеуі тиіс.
Көптеген дамыған мемлекеттерде ортақ ата-аналық жауапкершілік қағидаты қолданылады. Мысалы, кейбір Еуропа елдерінде бала екі ата-анамен де тұрақты қарым-қатынаста болуына ерекше назар аударылады.Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, отбасылық медиацияны дамыту ата-аналар арасындағы жанжалдарды азайтып, сот дауларының санын қысқартуға мүмкіндік береді.Мәселелерді шешу жолдары отбасылық медиация институтын кеңінен дамыту;психолог мамандарының қорытындыларының маңызын арттыру;баланың пікірін анықтау рәсімдерін жетілдіру;сот тәжірибесін біріздендіру;ата-аналардың жауапкершілігін күшейту қажет.Сонымен қатар, ювеналдық соттардың мамандануын одан әрі дамыту баланың құқықтарын тиімді қорғауға ықпал етеді.
Ата-аналар бөлек тұрған жағдайда баланың тұрғылықты жерін анықтау мәселесі отбасы құқығындағы маңызды институттардың бірі болып табылады. Мұндай дауларды шешу кезінде сот ең алдымен баланың мүддесін басшылыққа алуы тиіс. Заңнаманы жетілдіру, медиацияны дамыту және сот тәжірибесін біріздендіру арқылы балалардың құқықтарын қорғау деңгейін арттыруға болады.
Ақмола облысының кәмелетке
толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотынын
аудандық және оларға теңестірілген
сот әкімшісінің сот отырысының бас маманы – хатшысы
Алшинбаева А.Т.


