12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді»

Алимент сөзін балаға төленетін өтем­ақы деп тар шеңберде түсінетіндер көп. Мұндай түсініктің қалыптасуы еліміздегі ажырасушылар санының артуымен, өз баласына алимент төлемей қашып жүрген әкелердің көптігімен байланысты болса керек.
Бүгінгі күні әке мейірімін көрмей, алиментке қолы жетпей күн кешіп жатқан балалар баршылық. Ол аз десеңіз, соңғы жылдары өз қолы өз аузына жеткен балалардың ата-анасын қараусыз қалдырып кету деректері жиілеген.
Қай халық болсын «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді» деп ұрпағын мейірімділікке тәрбиелейтіні даусыз. Бар тапқанын баласының аузына тосатын ата-ана қартайғанда ұрпағым ұшпаққа жеткізеді деп сенеді. Елімізде қарттар үйінің де, ондағы қариялардың да санының артуы тәрбиедегі олқылық па, жоқ жаһандық дамудың әсері ме, түсіну қиын. Мысалы, жақында Алматы қаласы Жетісу аудандық сотына зейнеттегі кейуана арызданды. Қарт ана екі қызын тәрбиелеп, кәмелетке жеткізген. Жолдасы көз жұмғанға дейін балаларының көмегіне мұқтаж болмаған. Алайда, бір жыл бұрын жолдасы қайтыс болған әйел ешкімнің қолдауынсыз жалғыз қалған. Пәтер жалдап тұратын қарт ананың бір қызы анда-санда жағдайын біліп тұратындықтан, оған қояр талабы жоқ. Ал екінші қызының тұрмысы жақсы, жұмысы жайлы болғанымен, анасына материалдық көмек тұрмақ, сөз көмегін де беруге жарамаған. Мемлекеттен берілетін 112 мың теңге зейнетақысы ештеңеге жетпейтінін алға тартқан талапкер сотқа арыз жазып өзін күтіп-бағу үшін екінші қызынан ай сайын 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алимент өндіруді талап етті.
Бұл талапқа жауапкер В.Г. қарсы талап келтірген болатын. Анасының зейнетақысы қазіргі күнкөріске жеткілікті екенін алға тартқан ол бала кезінде ешқандай мейірім көрмегенін жеткізді. «Әкем ауырып жатқанда анам маған көңіл бөлмеді, ішімдікке салынды. Әкемнің көзі кеткен соң үйден қуып шығып, баспананы әпкемнің атына рәсімдеп берді. Соның кесірінен 16 жасымнан бастап жұмыс істеп, өз күнімді өзім көруіме тура келді» деген В.Г. соттан талап арызды қанағаттандырудан бас тартуды сұрады.
Соттың міндеті – ақиқатты анықтау. Кәмелетке толған балалар еңбекке жарамсыз ата-аналарына қамқорлық жасау­ға және оларға көмек көрсетуге міндетті. Ата-анаға қамкорлық дегеніміз оларға моральдық қолдау көрсету, тиісті көңіл бөлу, құрметтеу және қаржылай көмектесу. Ата-ананың өмір сүруіне қажетті материалдық қаржы бөлу көмектің айрықша түрі. Осы тұрғыдан алғанда В.Г.-ның анасының зейнетақысы күнкөрісіне жетеді деуі қисынсыз. Себебі қазіргідей нарықтық заманда 112 мың теңгені бір айға қажетті азық-түлікке, коммуналдық төлемге, дәрі-дәрмекке жеткізу оңай емес. Оның үстіне кейуананың қосымша табыс көзінің жоқтығы дәлелденген. Ал қыздың ата-ана қамқорлығын көрмедім деуі негізді емес. Заңға сәйкес, жауапкерді алимент төлеу міндетінен босату үшін анасының ата-аналық міндетін орындаудан жалтарғаны анықталуы керек. Сондай-ақ, анасының ата-аналық құқығынан айырылған болуы шарт. Сот барысында жауапкер алименттен бас тарту себептерінің ешқайсысын дәлелдей алмады.
Соған орай, екі жақтың пікірін, уәждерін тыңдай келе сот талапкер арызын ішінара қанағаттандыру туралы шешім шығарды. Еліміздің Неке және отбасы туралы кодексінің 145-бабын басшылыққа ала отырып шығарылған шешімге сай жауапкер В.Г.-ден анасының пайдасына ай сайын 8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алимент өндірілетін болды.
Шешім шықты, алайда жүректе сыз қалды. Себебі, ата-анаға деген қамқорлық ақшамен өлшенбейді. Бүгін өз анасына жылы сөз айтуды артық санағандар ертең өзін қандай қарттық күтіп тұрғанын қайдан біледі?

Назкен Баймаханова,
Жетісу аудандық сотының судьясы
Алматы қаласы

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар заманауитехнологиялармен жұмыс жасауды кеңінен қолға алды. Соңғы жылдары сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды...

Неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар артуда

Расында, өкінішке орай қазіргі таңда неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар...

Құқықтық ликбез — соттан тыс банкроттық

2023 жылғы 3 наурыздан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем...

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Тәуелсіздігіміздің тірегіне, азаттығымыздың алтын тамырына айналған Ата заңның қолданысқа...

Соблюдение этических норм – основа независимости судьи

Принятие Кодекса этики судей имеет большое значение для судебной...