Атқару құжаттарын электронды түрде жолдау

Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот шешімдері, ұйғарымдары мен қаулылары, мүлікті өндіріп алу бөлігінде қылмыстық істер жөніндегі үкімдер мен қаулылар негізінде атқару құжаттарын міндетті түрде және уақтылы орындау, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда өзге де органдардың шешімдері мен қаулыларын орындау болып табылады. Атқарушылық іс жүргізу туралы заңнама Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2016 жылдың 15 наурызынан бастап Қазақстан Республикасының барлық соттары «Электрондық атқару парағы» сервисін қолдана бастады. Ол атқару құжаттарын мемлекеттік және жеке сот орындаушыларына электрондық түрде жіберу мүмкіндігі пайда болған. Енгізілген жаңашылықтың негізгі басымдылығы болып атқару парағының сот орындаушысына жеткізу жеделдігі, хаттарды жеткізуге шығындардың болмауы, сот отырысы хатшысының уақытын үнемдеу, сондай-ақ, құжаттың орындалу мәртебесін қадағалау және қарау мүмкіндігіні туғызады.

Мемлекеттік сот орындаушыларының құзыретіне қатысты атқарушылық құжаттарды соттар электронды форматта «Төрелік» АЖ мен АІЖО ААЖ арқылы Әділет департаменттеріне жолдап, ары қарай онда бекітілген қызметкер атқарушылық құжатты өндіріп алу санаты бойынша тиісті аумақтық бөлімге бөлуді жүзеге асырады. Яғни, іс жүргізуіне қабылдағаннан кейін орындаушылар сотқа келесі мәртебені жолдайды: аумақтығы бойынша жіберілгендігін, аяқталдығын, тоқтатылғандығын, орындалғанын, қозғаудан бас тартылғанын, орындаусыз кері қайтарылғанын.

Жеке сот орындаушыларының құзыретіне қатысты атқарушылық құжаттарды да соттармен электрондық форматта жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарына жіберіледі, олар өз кезегінде атқарушылық құжаттарды жеке сот орындаушылары арасында бөлуді жүзеге асырады, не өндіріп алушылардың арыздары бойынша соттар атқарушылық құжаттарды тікелей жеке сот орындаушыларына орындауға жібереді.

Тараз қаласының мамандандырылған тергеу сотының бас маман – сот отырысының хатшысы Р.Манапов

Ақмолалық әскери тұтқындардың тағдыры: тарихтың көмескі беттері қайта сөйледі

Екінші дүниежүзілік соғыс туралы сөз қозғағанда, көбіне майдан даласында...

Сот процесіне қатысушылардың мәдениеті

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасында ел азаматтарының құқықтық сауаттылығын арттыру...

Ғылыми таным мен мектеп сабағын ұштастырған жоба

Оқушыны ғылыми ізденіске баулу мектеп бағдарламасындағы тақырыпқа сұрақ қоюдан,...

Жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Жемқорлық – кез келген мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамның әл-ауқатына...

Сотты құрметтемеушілік салдары

Сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігі қағидаты негізінде бүгін барлық...