Асыраушысынан айырылу жағдайында әлеуметтік төлем тағайындау

Баршаңызға сәлем! Бүгінгі #oqy&toqy айдарында асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау мемлекеттік қызметі жайлы айтатын боламыз.
Әрине, ең алдымен ХҚО-ға кезекті алдын ала онлайн брондап баруды ұсынамыз;
Бронды растау үшін белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте барыңыз;
ХҚО операторына келесі құжаттарды тапсырып, өтініш беріңіз:
Жеке куәлік;
Балалардың туу туралы куәліктері;
Отбасы асыраушысының қайтыс болғаны туралы куәлік;
Егер жоғары оқу орнында оқитын балалар бар болса, оқу орнынан анықтама;
Әлеуметтік төлемдер түсуі үшін банк есепшоты жайлы құжат;
⏰Қызмет көрсету уақыты құжат тапсырған күнді есепке алмағанда — 8 жұмыс күні.
Есіңізде болсын!
✔️Бұл әлеуметтік төлем жоғарғы оқу орнында оқитын балалар 23 жасқа толғанға дейін, оқу орнынан жыл сайын анықтама ұсынылған кезде ғана төленеді.
✔️Ал жоғары оқу орнына түспеген балалар үшін төлем 18 жаста тоқтатылады.

Әлеуметтік төлем мөлшері отбасындағы бала саны, балалардың тұл жетім қалуларына байланысты және қайтыс болған адамның мәртебесіне (ҰОС ардагері, әскери қызметкер) қарай анықталады☝️

 Родом из бүркітші

ДЕНЬ РЕСПУБЛИКИ ДЛЯ КАЖДОГО ИЗ НАС АССОЦИИРУЕТСЯ С ПРАЗДНИКОМ,...

Территория новых увлечений и побед 

Два новых государственных комплекса TANYM ART и TANYM SPORT...

Не карать, а помогать 

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА КАЗАХСТАНА ПЕРЕЖИВАЕТ СУЩЕСТВЕННУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ,...

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...

Интеллектуальная собственность и ее защита 

Вопросы регулирования в сфере интеллектуальной собственности: как решать их,...