АСЫҚШЫЛАР БУРАБАЙДА ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫН ӨТКІЗУДЕ

Асық ату мен бес асықтан Қазақстан ұлттық құрамасы Бурабайда 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңындағы кезекті оқу-жаттығу жиынын бастады. 25 шілдеге дейін созылатын оқу-жаттығу жиыны Щучинск қаласындағы Қысқы спорт түрлерінен республикалық олимпиадалық даярлау орталығының базасында өтіп жатыр.

«Оқу-жаттығу жиынына Астана, Шымкент қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, Түркістан облыстарынан келген ұлттық құрама мүшелері жиналды. Мұнда асықшылардың алаңсыз жаттығу жасап, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына тыңғылықты дайындалуына барлық жағдай жасалған. Аталған байрақты бәсекеде жеңімпаз атану үшін бар күшімізді саламыз», — деді Асық атудан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Жомарт Сабыржанұлы.

Бұл – асықшылардың жыл басынан бері өткізіп жатқан төртінші оқу-жаттығу жиыны. Соңғы жиын 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдында Астана қаласында өтеді деп жоспарланған.

Еске сала кетейік, Республикалық асық ату федерациясы Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді.  Қауымдастық құрамында бұдан өзге бәйге, көкпар, аударыспақ, садақ ату, жамбы ату, құсбегілік, тоғызқұмалақ, теңге ілу, «JORYQ» ат спорты федерациялары бар. ҚР Ұлттық спорт қауымдастығын белгілі кәсіпкер, меценат, «Altyn Qyran Foundation» Қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов басқарады.

Мемлекеттік тілді насихаттау және оның қолдану аясын кеңейту

        Мемлекеттік тіл — кез келген елдің рухани байлығы, ұлттық...

СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІ

Мемлекеттік тіл – елдің қоғамдық және мемлекеттік өміріндегі маңызды...

Ювеналды соттардың соттылық мәселелері

Қазақстан Республикасының сот жүйесінде соттылық ұғымы – әрбір азаматтың...

Вместе к здоровому образу жизни: осуждённые провели товарищеский матч

В Семее на городском футбольном поле состоялась товарищеская игра...

Мемлекеттік тіл және әділ сот қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің негізгі нышандарының бірі, қоғамның құқықтық...