12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің отырысын ашты

Астанада ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы басталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Отырыстың ашылуында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшылары кеңесінің қарауына гуманитарлық әріптестік, қауіпсіздік және ынтымақтастығымыздың басқа да аспектілеріне қатысты маңызды мәселелер ұсынылғанын айтты.

«Құрметті мемлекеттер басшылары!

Қонақжай Қазақстан жеріне қош келдіңіздер.
Ең алдымен, Қазақстанның ТМД-ға төрағалығы аясындағы бастамаларын қолдап, осы күндері Астанада өтіп жатқан халықаралық іс-шараларға белсенді қатысқандарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын», — деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы Кеңес мүшесі ретінде Түрікменстан Президенті, құрметті Сердар Гурбангулыұлы Бердімұхамедов отырысқа алғаш рет қатысып отырғанын айтты.

«Осы жердегі әріптестердің және өзімнің атымнан Сізге қош келдіңіз дей отырып, жауапты мемлекеттік қызметіңізге табыс тілеймін.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысын ашық деп жариялаймын», — деп толықтырды Тоқаев.

Іс-шараға Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Түркіменстан, Тәжікстан, Өзбекстан басшылары, сондай-ақ ТМД Атқару комитетінің төрағасы — Атқарушы хатшысы қатысып жатыр.

Ұлт оқитын кітаптар бір жерде: «Әдебиет» порталының жаңа бастамасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда қазіргі ұрпақ кітап...

Минтруда совершенствует подходы организации субсидируемых рабочих мест

Министерство труда и социальной защиты населения РК разработало приказ...

Қазақстан Өзбекстанға қарағанда көбірек дайын өнім шығарады – экономист пікірі

Экономист айырмашылықтар көбіне ресурстық базаға байланысты екенін атап өтті....

NARXOZ университетінде халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

NARXOZ университетінде «Құқықтық мемлекетті нығайтудағы конституциялық реформалар мен заңнамалық...