Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурға ресми сапармен барады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурға ресми сапармен барады. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары — Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Сингапур президенті Халима Якубпен кездесуінен кейін белгілі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұхтар Тілеубердіні Сингапурға жасаған ресми сапарының екінші күні Сингапур Республикасының Президенті Халима Якуб Истана ресми резиденциясында қабылдады.

Тараптар екі ел арасындағы қатынастарды одан әрі нығайту және экономикалық байланыстарды кеңейту мәселелерін талқылады. М.Тілеуберді Сингапур басшысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ізгі тілектері мен сәлемін жеткізді. Мемлекет басшысының Сингапурға алдағы ресми сапарын ұйымдастыру мәселелері қозғалды.

Министр сұхбаттасын Конституцияға толықтырулар мен түзетулер енгізу бойынша елде өткізілген жалпыхалықтық референдумның нәтижелері, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстанды» құру бойынша саяси және экономикалық реформалары туралы егжей-тегжейлі таныстырды.

Х. Якуб ҚР Президентіне жылы лебізін білдіріп, Қазақстан мен Сингапур арасындағы сенімді диалог пен өзара қолдауға негізделген саяси диалог пен өзара тиімді серіктестіктің жоғары деңгейін атап өтті.

Сингапур Президенті Азиядағы бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге және жаһандық дінаралық диалогты ілгерілетуге ұмтылудағы, Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске қатысушы елдердің алдағы саммиті және Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі шеңберіндегі Қазақстанның қызметін жоғары бағалады.

Сол күні СІМ басшысы М.Тілеуберді Сингапур Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі, Халықтық іс-қимыл партиясының төртінші буын (4G) командасының саяси көшбасшысы Лоуренс Вонгпен келіссөздер жүргізді.

Қазақстанның Сингапурмен ынтымақтастығының маңызды элементі көліктік, сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимыл болып табылады. Осыған байланысты тараптар экономикалық кооперация жобаларын және өзара тиімді ынтымақтастық бағдарламаларын ілгерілету мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады.

Қазақстанның транзиттік әлеуетін кеңейтуге және өңдеу өнеркәсібі, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, құрылыс және қаржы салаларындағы Қазақстан-Сингапур кәсіпорындарының жобаларын дамытуға ерекше назар аударылды. Сингапур тарапы «Астана» Халықаралық қаржы орталығының қызметі және Орталықтың негізгі бағыттарын дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етілді. Қазақстандық қаржы орталығы үшін капитал нарығын дамытудың сингапурлық тәжірибесін зерделеу өте маңызды екені атап өтілді.

Қазақстанда көші-қон заңын бұзған 1 200 адам елден шығарылады 

Қазақстанда көші-қон заңнамасына қатысты 7 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды.

Атыраудағы қанды қылмыс: Күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін 

Атырау облысындағы Жангелдин ауылында Қарабалиндер отбасының қазасына қатысты тергеу жалғасып жатыр – негізгі күдікті Сұлтан Сарсемалиевке тағылған айыптар кеңейтілді.

Солтүстік Корея АҚШ аумағына жететін зымыран әзірлеп жатқанын мәлімдеді – БАҚ 

Солтүстік Кореяның мемлекеттік БАҚ-тары АҚШ аумағындағы нысандарды соққыға алуға қабілетті деп мәлімделген зымырандарға арналған жаңартылған реактивті қозғалтқыштың сынақтан өткенін хабарлады

ҚҚС 16%: Жаңа Салық кодексі кімге қалай әсер етеді? 

Қазақстанда Салық кодексін жетілдіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінде Үкімет жанынан құрылған арнайы жобалық кеңсе аясында мемлекеттік органдар, бизнес өкілдері мен сарапшылардан түскен ұсыныстар қаралып, қолданыстағы нормаларды жетілдіруге бағытталған 60-тан астам мәселе талқыланған.

Қазақстандықтар сәуір айында неше күн демалады? 

Биыл сәуір айы «ұзақ демалыссыз» өтеді. Бұл айда ешқандай мемлекеттік мереке болмағандықтан, қазақстандықтар тек сенбі және жексенбі күндері демалады.