12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Палата депутаттарының Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумды талқылау үшін өңірлерге жасаған сапары туралы баяндалды. Қазіргі уақытта 150-ден астам іс-шара өткен, оның көбі негізінен шағын қалаларда, кенттер мен шалғай ауылдарда ұйымдастырылды.

Сенаторлар сапарының нәтижесінде азаматтарды алаңдатқан мейлінше өзекті мәселелерге талдау жасалды. Атап айтқанда, тауарлар бағасының өсуі, автомобиль жолдарының жағдайы, жұмыспен қамту мәселесі, ауызсумен және газбен қамтамасыз етілуі, медициналық көмектің қолжетімділігі және басқа да проблемалар.

Президент Үкіметпен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, аталған мәселелерді шешу жұмыстарын жалғастыру қажет екенін атап өтті.

Мәулен Әшімбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақтағы мемлекеттердің заң шығарушы органдарымен арадағы ынтымақтастықты нығайту жөнінде мәлімет берді. Өткен аптада сенаторлар Ашхабадта өткен «Орталық Азия — Ресей» атты парламентаралық форумға қатысты.

Ықпалдастықтың жаңа форматы Арал теңізі өңіріндегі экологиялық ахуал, трансшекаралық өзендерді бірлесіп пайдалану, шекара маңындағы өңірлердің ынтымақтастығы, сондай-ақ Ауғанстандағы жағдайға байланысты аймақтық қауіпсіздік мәселесі сияқты өзекті проблемаларды шешу жөніндегі депутаттардың бірлескен жұмысын жандандыруға ықпал етеді.

Енді мерзімі өткен жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады 

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді жүйелі түрде жаңғырту және сұранысқа ие сервистерді онлайн форматқа көшіру жалғасуда.

Қазақстанда бес жаңа су қоймасы қай жерлерде салынады? 

Қазақстан су шаруашылығы инфрақұрылымын кеңейтуге дайындалып жатыр: Су ресурстары және ирригация министрлігі елдің әртүрлі аймақтарында бес жаңа су қоймасын салу жобаларын әзірлеуде.

Шетелдік қақтығыстарға қатысқандар қалай жазаланады? – ҰҚК мен Бас прокуратура түсіндірді 

2026 жылғы 15 ақпанда шетелдік Al Jazeera басылымы әртүрлі елдің мыңдаған азаматы Газа секторындағы қарулы қақтығысқа қатысуы мүмкін екені туралы материал жариялады. Онда шетелдегі соғыс қимылдарына Қазақстан азаматтарының да араласуы ықтимал екені және олардың арасында қос азаматтығы бар тұлғалар болуы мүмкіндігі айтылған.

Қазақстанда «Миранда құқығы» енгізілсе, не өзгереді?  

Бұдан былай Қазақстанда жауапқа тартылған әрбір азаматқа оның бастапқы құқықтары бірден түсіндірілуі мүмкін.

Сабақтан тыс уақытта оқушы үшін жауапкершілік ата-анаға жүктеледі 

Мәжіліс депутаттары 2026 жылғы 25 ақпанда өткен палатаның пленарлық отырысында педагогтерге қосымша өкілеттік беру көзделген заң жобасын жұмысқа қабылдады.