Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Омбы облысы губернаторына алғыс айтты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Омбы облысының губернаторы Александр Бурковты қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кездесу барысында сауда, машина жасау, көлік және ауыл шаруашылығы салалары бойынша Қазақстан өңірлерінің Омбы облысымен арадағы өзара тиімді кооперация мәселелері талқыланды.

Президент өңіраралық табысты ықпалдастықтың өзара сауда-саттыққа оң ықпал ететінін айтты.

«Біз өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға баса мән береміз. Бұл бағытта Омбы аймағы ерекше орын алады. Омбы облысы мен Қазақстан Республикасы арасындағы тауар айналымы 380 миллион доллардан асты. Қазақстан — Омбы облысының нөмірі бірінші серіктесі. Біздің отандастарымыз, қазақтар тұратын бұл шекаралас аймақтың маңызы зор», — деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы Омбы жерінде өмір сүріп жатқан қазақ диаспорасының екі жақты байланыстырушы алтын көпір екенін атап өтті және қандастарымыздың тарихи Отанымен рухани байланыс жасауына ерекше мән беріп, жан-жақты қолдау көрсетіп отырғаны үшін Александр Бурковқа алғыс білдірді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Омбы өңірінде қазақ халқының ұлы перзенттері Шоқан Уәлиханов пен Сәкен Сейфуллинді ұлықтағаны үшін облыс әкімшілігі мен тұрғындарына қазақстандықтардың ризашылығы шексіз екенін жеткізді.

Өз кезегінде губернатор Александр Бурков аймақтың агроөнеркәсіп кешені, азық-түлік өнімдерін өндіру, мұнай химия және құрылыс секторы сияқты салалар бойынша қазақстандық компаниялармен ынтымақтастық орнатуға дайын екенін айтты.

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.

Еңбек ардагерлері, жұмысшы кәсіп, ғылым мен денсаулық сақтау өкілдері – Президент мемлекеттік наградаларды беру туралы Жарлыққа қол қойды 

Ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Республика күніне орай Алматыда қандай шаралар өтеді? 

25 қазанда Қазақстанда елдің мемлекеттілігі мен егемендігін білдіретін ұлттық мереке – Республика күні аталып өтеді. Осы мерекеге орай Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени-көпшілік, спорттық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.