Қасым-Жомарт Тоқаев орталық атқарушы органдар басшылары туралы Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев орталық атқарушы органдардың басшылары туралы Жарлыққа қол қойды. Жарлық орталық атқарушы органдардың басшылары мен барлық деңгейдегі әкімге қатысты болады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жарлыққа сәйкес орталық атқарушы органдардың (Қазақстан Республикасының Қорғаныс, Сыртқы істер министрліктерін қоспағанда) басшылары бір жыл ішінде халықпен тұрақты кездесулер өткізуі, ал кейін кездесулердің нәтижелері туралы БАҚ арқылы есеп беруі тиіс.

Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктеледі.

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Жарлық мәтінін мына жерден оқуға болады.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.