Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді Футболдан әлем чемпионатын сәтті өткізуімен құттықтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«@TamimBinHamad, сізді #FIFAWorldCup додасын сәтті өткізулеріңізбен құттықтаймын. Бұл турнир әлемдік футбол тарихында биік рухтың, әділ ойын мен қатарлықтардың ерекше қонақжайлығының белгісі болып қалады», — деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.
Айта кетейік, Катарда өткен футболдан әлем кубогі мәресіне жетті. Ақтық матчте Аргентина құрамасы пенальти сериясында Франциядан басым түсіп, жеңіске жетті.