Қасым-Жомарт Тоқаев Ердоғанмен Анкарада кездеседі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған телефон арқылы сөйлесті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Қазақстан мен Түркия көшбасшылары бірін-бірі Ораза айт мерекесімен құттықтады және бауырлас екі халықтың өсіп-өркендеп, жетістікке жетуіне тілектестік білдірді.

Президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мән бере отырып, қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін дамытудың перспективаларын талқылады.

Режеп Тайып Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевтың 10-11 мамырда Түркияға жоспарлаған мемлекеттік сапары екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті кеңейтудің маңызды белесі болатынын айтты. Мемлекетіміздің басшысы Анкарадағы келіссөздер осындай деңгейде өтеді деген пікірмен келісті.

Қазақстан Президенті экономикалық, гуманитарлық және мәдени байланыстарды кеңейтуде Түркі мемлекеттері ұйымының рөлі зор екенін атап өтті.

Ұлытау облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі бағыттар талқыланды

Ұлытау облысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы...

Ашықтық  сотқа деген сенімді нығайтады

«Заң мен тəртіп» қағидатының жүзеге асуы ең алдымен заң...

Әскери ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуде...

Әскери тәртіп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында

Мемлекет басшысының «Заң мен Тәртіп» қағидаты — мемлекеттік басқару...