Қасым-Жомарт Тоқаев балабақшаларға лиценция тәртібін енгізу керегін айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында елдегі балабақшалардағы қызмет көрсету сапасының төмендеп кеткенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Президент елдегі жекеменшік балабақшаларда балаларды ұрып-соғу деректері бар екенін мәлімдеді. 

«Тағы бір түйткілге тоқталсам. Жекеменшік балабақшаларда балаларды ұрып-соғу деректері бар. Сонымен қатар, жұмыс істемейтін балабақшаларға қаржы бөлу көбейіп кетті. Мұның бәрі олардың қызметі ашық емес екенін, азаматтық жауапкершілігі жоқтығын көрсетеді. Басқаша айтқанда, қоғам талабына сай емес”, – деді президент. 

Қасым-Жомарт Тоқаев 2011 жылы мектеп жасына дейінгі балаларды балабақшамен қамтамасыз ету үшін балабақшалардың лицензия бойынша жұмыс істеу тәртібі тоқтатылғанын қосып өтті.

“Мемлекет бұл қадамға амалсыздан барды. Бұл ретте жеке сектордың әлеуетін пайдалану маңызды еді. Нәтижесінде 2 және 6 жас аралығындағы балалардың 88 пайыздан астамы балабақшамен қамтылды. Енді қызмет көрсету сапасын арттыратын кез келді. Үкімет осы мәселені мұқият қарастыруы керек. Лицензиялау тәртібін қайта енгізу, ең алдымен, мемлекетке емес, қоғамға қажет шара. Өйткені, басты мақсат – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету», – деп қосты Тоқаев. 

Қ.Тоқаев президент әкімшілігінде ауыс-түйіс жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент әкімшілігінде ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысын ауыстырды.

Балқашқа үш жылда 40 млрд текше метр су келді: Көлдің қазіргі жағдайы қандай? 

Соңғы үш жылда Балқашқа шамамен 40 млрд текше метр су жіберілді. Көл деңгейі қазір қандай межеде және оны 2040 жылға дейін сақтау үшін не істеліп жатыр?

Елімізде күн қайта жылынады 

27–29 қазан аралығында Қазақстан аумағындағы ауа райын ауқымды антициклон қалыптастырады. «Қазгидромет» синоптиктері күннің жылынатынын болжады.

Мәслихатты сайлауға қатысатын үміткерлерге қанша қаражат бөлінетіні айтылды

29 қарашада өтетін мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысатын үміткерлердің сайлауалды үгітіне мемлекет бюджетінен қаражат бөлінеді.

Рафаэль Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкері қызметінен кетті

Рафаэль Уразбахтин Алматының «Қайрат» футбол клубының бас бапкері қызметінен өз еркімен кетті.