Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Бірлік күнімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

«Қымбатты отандастар!

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Мамырдың осы мамыражай мерекесі — еліміздің тұтастығы мен ырыс-ынтымағының символы.

Достық пен өзара түсіністік дәстүрлері халқымыздың сана-сезімінде берік орныққан. Бұл қасиеттер берекелі өмірдің, бейбітшілік пен келісімнің өзегі болып отыр.

Тағдырдың жазуымен кең байтақ қазақ жерінде тоғысқан әр алуан мәдениеттер тұтаса келе ұлттық бірегейлігіміздің ажырамас бөлігіне айналды.

Біздің мақсатымыз бір, құндылықтарымыз ортақ. Мызғымас бірліктің арқасында қиындықтан қаймықпай, жаһандық сын-қатердің бәрін еңсеріп келеміз.       

Бүгінде Жаңа Қазақстанды құру бастамасы бүкіл қоғамды ұйыстыруда. Бұл идея ел азаматтарының жасампаздық қуатынан бастау алады. Мемлекетімізді жан-жақты жаңғыртуға әрқайсымыз өз үлесімізді қосуымыз керек.

Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін!

Аспанымыз әрдайым ашық болсын!», — делінген құттықтауда. 

Қазақстан таеквондодан әлемдік Гран-при финалын алғаш рет қабылдайды 

Турнирде Олимпиада және әлем чемпиондары сегіз салмақ дәрежесінде бақ сынайды.

Елімізде биылғы қыс қандай болады? Сарапшылар болжамы 

Қараша айында Қазақстан аумағына солтүстік-батыстан келетін циклондар сериясы әсер етіп жатыр. Соның салдарынан елдің басым бөлігінде салыстырмалы түрде жылы ауа райы қалыптасқан. Алайда синоптиктер алдағы күндері ауа температурасы төмендеп, жауын-шашын түсетінін болжайды.

АҚШ-тағы инфляция алтын бағасының құлдырауына әсер етті 

Күміс 5,4%-ға, платина 4,1%-ға, палладий 3,2%-ға төмендеді.

Қазақстанның агроөнеркәсіп өнімдерінің экспорты 34,7 пайызға өсті 

Қазақстан биыл тоғыз айда 6,4 млрд доллардың агроөнеркәсіп өнімдерін экспорттады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34,7 пайызға жоғары.

Елімізде тұмаудың қай түрі өршіп тұр?

Министрліктің мәліметінше, кейінгі бір аптада елімізде ЖРВИ жұқтырудың 133 052 жағдайы тіркелген. Ал эпидемиялық маусым басталғалы бері 1 453 967 жағдай анықталған.