Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды алда не күтіп тұрғанын айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын жақын арада қандай өзгерістер күтіп тұрғаны туралы сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Алда ауқымды жұмыс бар. Біз бүгін дауыс беріп отырған Конституция нормаларын жүзеге асыру, заңнамаға өзгерістер енгізу қажет. Атап айтқанда, партияларға, Парламентке қатысты заңнамаларға. Менің ойымша, біздің Парламент бұл жұмысты абыроймен атқарады», — деді Президент Конституцияға түзетулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдумда дауыс бергеннен кейін журналистер сауалына жауап беріп.

Қасым-Жомарт Тоқаев референдумға енгізілген жаңалықтар еліміздің қоғамдық өміріндегі үлкен өзгерістерді көздейтінін атап өтті.

«Шын мәнінде мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынастар парадигмасы өзгеріп жатыр, адам құқықтары бірінші орынға шығады. Бұл өте маңызды. Конституцияда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мәртебесі мүлде жаңа мағынаға, жаңа форматқа ие болып отыр. Бұл орган да біз үшін жаңа», — деп қосты ол.

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...

Локализация и ее преимущества 

Делегация Казахстана посетила ряд ведущих европейских предприятий, специализирующихся на...

Патриотами не рождаются, патриотами становятся 

Воспитание подрастающего поколения в духе патриотизма и духовных ценностей...