12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірімен телефон арқылы сөйлесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Тәнимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Әңгіме басында мемлекеттер басшылары бірін-бірі қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Көшбасшылар Қазақстан мен Қатар арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын талқылап, оны одан әрі қарай дамытудың қолайлы перспективалар бар екенін атап өтті.

Тараптар өзара сауда-саттықтың оң қарқынын одан әрі сақтауға және инвестициялық жобаларды, соның ішінде банк және қаржы салаларындағы жобаларды жүзеге асыруға ниетті екенін нақтылады.

Қазақстан Президенті Қатардың жетекші бизнес өкілдерін экономиканың басты салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыруға белсене атсалысуға шақырды.

Қатар Әмірі көпжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын екенін айтып, осы бағытта нақты шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті. Шейх Тамим бен Хамад Әл Тәни Қазақстанға жасайтын мемлекеттік сапарын дайындау үшін ресми өкілдерін жіберуге ниетті екенін жеткізді.

Абайдың мұрасы – сарқылмас қазына

Абай XIX ғасырдың бірінші жартысының соңында қазіргі Шығыс Қазақстан...

Гранит чьей-то совести

АЛМАТЫ НА СЛАВИТСЯ ГОРЫ, УЮТНЫМИ СВОИМ ЖИВОПИСНЫМ УЛИЦАМИ И СТРЕМЛЕНИЕМ...

Суд вынес приговор по делу о мошенничестве

В суде №2 города Кызылорды рассмотрено уголовное дело в...