12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын Ордадағы» жол құрылысын сынға алды

Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын Ордадағы» жол айрығының салыну барысын сынға алды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыны одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте «Алтын Орда» маңындағы жол айрық туралы айтты.

«Бұл — қала іргесіндегі елді мекен тұрғындары үшін өзекті мәселенің бірі. Мұны жұртшылық қала әкіміне талай рет айтқан. Алматы – Бішкек тасжолының осы жерден өтетін бөлігі былтыр салынып бітуі тиіс болған. Қажетті қаражат толық бөлінген. Бірақ әлі нәтиже жоқ. Асқар Ұзақбайұлы, Алматы және Алматы облысының әкімдерімен бірлесе отырып, Райымбек – Алматы учаскесінің құрылысын осы жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырамын», – деді Мемлекет басшысы.

Президент Алматы үлкен айналма күре жолын қаланың орталығымен байланыстыратын жолдар туралы да пікірін айтты.

«2021 жылы Абай даңғылын бөлуді аяқтау үшін республикалық бюджеттен бөлінген қаражатқа екі миллиард теңге мөлшерінде қосымша қаржы керек екені анықталып отыр. Барлық шығынды бірден нақты жоспарлауға болмай ма? Әлде мұның басқа бір себептері бар ма?»,– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салайық, 2017 жылы басталған жол құрылысы 2019 жылы аяқталып, тапсырылуы керек болған. Алайда бірқатар себепке байланысты құрылыс жұмыстары созылып кеткен. Оның бірі —  екі жанармай құю станциясының қожайынымен болған сот. Автожанармай құю станциясы биыл наурызда сатып алынды.

Кейін мәселелер шешіліп, құрылысты аяқтаудың жаңа мерзімі белгіленді. Жоба 2020 жылдың жазына дейін аяқталады деп уәде берді. Бірақ өткен жылдың көктемінде карантинге байланысты «Алтын Орда» базары маңына блокпост қойылды. Жақында жобаның толық аяқталуы 2021 жылға жоспарланып отырғаны белгілі болды.

Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою тәртібі

Қазіргі жаһандану дәуірінде азаматтар мен заңды тұлғалар шетелге жиі...

Қоғамдық тәртіп пен құқықтық мәдениетті нығайтудағы соттардың рөлі

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді...

Сот құжаттарын шетелде тану: апостиль қою мен электрондық үкіметтің мүмкіндіктері

Қазіргі таңда жаһандану мен халықаралық ынтымақтастықтың дамуы әр азаматтың...

Қонаевтан Токиоға дейін: қазақстандық хирургтер Жапонияда тағылымдамадан өтеді

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында жапониялық жетекші мамандардың қатысуымен оперативтік...

От Конаева до Токио: казахстанские хирурги пройдут стажировку в Японии

В Городской многопрофильной больнице Конаева стартовал международный мастер-класс по...