Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасына қатыстылар туралы айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасы туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Президент Қазақстан халқына Жолдауында айтты. 

«Өкінішке қарай, бүлікшілердің қарақшылардың, лаңкестердің кесірінен қаншама азаматымыз қаза болды. Қара жамылған отбасылардың қайғысына ортақтасып, тағы да көңіл айтамын. Біз мұндай жағдай енді қайталанбауы үшін бәрін жасаймыз. Қазақта «өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ» деген сөз бар. Біздің парызымыз — қанды қылмыс жасалғанын ұмытпай, барлық содыр мен лаңкесті жазаға тарту. Халқымыз осы оқиғадан сабақ ала білуі керек. Елдің тыныштығын бұзып, қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін әрекетке ешқашан жол бермеуге тиіспіз», — деді Президент. 

Сонымен қатар, Тоқаев төңкеріс жасауға ұмтылғандардың арасында белгілі адамдар болғанын айтты. 

«Жоғары лауазым иелері мемлекетке сатқындық жасады. Олар күштік құрылымдардың заңға сәйкес қимылдауына кедергі келтірді. Мемлекет басшылығына қалалардағы ахуал туралы жалған ақпарат берді. Сатқындардың опасыздығы құқық қорғау органдарының беделіне нұқсан келтірмеуге тиіс. Онда қызмет ететін азаматтар да өз бауырларымыз. Олар елмен бірге екенін, туған халқы үшін қасық қаны қалғанша күресетінін дәлелдеді», — дейді Президент. 

Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды – Президент  

Ұлтты ұйыстырып, мемлекетіміздің іргесін бекемдейтін ең маңызды фактор – мемлекеттік тіл.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Кеңесі – Құрылтайға балама мекеме емес  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы...

Елордада Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясы басталды 

Кеңес құрамына этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар, мәслихаттар мен қоғамдық кеңестерден 126 өкіл кірді.

Мектеп сөмкесі баланың салмағының 10 пайызынан аспауы керек – маман 

Ал кітаптар мен оқу құралдары салынған сөмкенің салмағы баланың дене салмағының 10 пайызынан аспағаны жөн.