Қасым хан туралы «Ұлы дала таңы» фильмі 12 мамырда көрерменге ұсынылады

Еліміздің тарихындағы елеулі тұлғаларының бірі Қасым хан туралы көлемді туынды Қазақстанның барлық кинотеатрларынан көрсетіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақфильм кинокомпаниясы жақында көрерменге жол тартатын «Ұлы дала таңы» атты фильмнің постерін жариялады.

Премьера! Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» атты жаңа фильмінің ресми постері. Еліміздің тарихындағы елеулі тұлғаларының бірі Қасым хан туралы көлемді туынды. Аты аңызға айналған билеуші XV-XVI ғасырлар тоғысындағы қазақ халқының азаттық пен тәуелсіздік үшін күресінің символдарының біріне айналды. Дәл осы уақыт Қасым ханның арқасында қазақтың мемлекеттігі мен ұлы даланың өркендеген кезеңі саналады, – деп жазды компания.

Қазақфильм тарихи туындының ресми трейлерін жақында ұсынатынын хабарлады.

Фильмнің постерін қарасақ, Қасым хан болып белгілі актер Берік Айтжанов ойнайтынын байқаймыз. Постерде тарихи фильмнің 12 мамырда шығатыны жазылған.

Сурет: Қазақфильм

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...

Интеллектуальная собственность и ее защита 

Вопросы регулирования в сфере интеллектуальной собственности: как решать их,...

V СЪЕЗД СУДЕЙ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

НА ПЯТОМ СЪЕЗДЕ СУДЕЙ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН, КОТОРЫЙ СОСТОЯЛСЯ 18...

Кому положена поддержка

С 1 ЯНВАРЯ 2027 ГОДА В КАЗАХСТАНЕ ИЗМЕНИТСЯ ПОРЯДОК...

Пуля и Геля спасают жизни 

25 ЛЕТ РУКОВОДИТЕЛЬ КИНОЛОГИЧЕСКОГО ОТДЕЛЕНИЯ ОПЕРАТИВНО-СПАСАТЕЛЬНОГО ОТРЯДА ДЕПАРТАМЕНТА ПО...