Асық атадан табылған Тараздық жігіт қамауға алынды

Жетісай пробация қызметінің инспекторы Тараз қаласынан қашып келіп туысының үйінде жасырынып жүрген сотталғанды құрықталды.
Тараз қалалық №2 пробация қызметінің есебінде тұрған, қоғамнан оқшаулаусыз жазаларға сотталған бір азаматқа іздеу жарияланған болатын. Ақберен есімді азамат Тараздық пробация қызметіне тіркеуге алынған күнен бастап, оған сот жүктеген міндеттер түсіндірілді. Егер ескертуге құлақ аспай, сот жүктеген міндетті орындамаған жағдайда бас бостандығынан айыру жазасына тартылатыны да ескертілген. Соған қарамастан, ол сот жүктеген міндетті қаскөйлікпен бірнеше рет бұзып, бірнеше рет әкімшілік жазаға тартылды. Пробациялық бақылауға тіркелмей, көрсетілген мекен-жайда болмай, қала аумағынын белгісіз бағытқа шығып кеткен. Полицйелердің жүргізген іздеу нәтижесінде Ақберен есімді азаматтың бой тасалаған мекен-жайын анықтады. Ол Жетісай ауданына қарасты Асық ата кентінде туыстарының үйінде бой тасалап жүрген жерінен қолға түсті.
-Біздің ауданда тіркеуге алынған әрбір сотталған азаматтар мен азаматшаларды біреміз, — деді пробация инспекторы.
Тараз қалалық №2 пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған сотталған Ақберен есімді азамат қасақан жалтарғаны үшін алғашқы іздестіру іс шаралары жүргізіліп еш нәтиже болмағандықтан Тараз қалалық №2 пробация қызметі бөлімінің ұсынысымен Тараз қаласы №2 сотының 08.06.2022 жылғы қаулысымен бұл азаматқа қатысты іздестіру жариялап күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолдану туралы ұсынысы қанағаттандырылған. Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД-нің ЖД 158/1 мекемесіне жеткізілсін делінген. Осы жоғарыда аталған қағида бойынша жедел іздестіру барысында Ақберен есімді азаматтың жүрген жерін анықтап Жетісай АПБ-нің қызметкерлеріне тапсырылды. Жетісай АПҚБ-нің аға инспекторы әділет капитаны Оразбеков Бақытжан мен Кулжумуров Динмухамед бірлесіп қылмыскерді қамауға алды.

  • Бұл азамат пробация қызметкерлері ескерткен ескертулерге құлақ аспай, жаза өтеу тәртібі мен шарттары түсіндірілгеніне қарамастан бірнеше рет, яғни әкімшілік жауапкершілікке тартылып, белгіленген уақытта үйінде болмай, прфилактикалық іс-шаралаға қатысу үшін есеп беруге келмей, сот жүктеген міндеттерді орындамай жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған болатын. Сондай-ақ, ол өзінің мекен-жайының ауысқаны жайында ескерту жасамаған. Мұның бұл әрекеті заңға қайшы болып табылады. Ол Жетісай ауданына туыстарының үйіне қонаққа келген жағдай да біздің аудандық пробация қызметіне тіркеліп, осы ауданда болатын уақыт мерзімі мен тоқтаған мекен жайын көрсетуі керек. Ал, кетер кезінде аудандық пробация бақылауынан хаттама алып кетуі шарт, — деді Жетісай АПҚБ-нің аға инспекторы әділет аға лейтенант Кулжумуров Динмуханмед.

Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих  Министерство обороны...

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді Қорғаныс...

Денежное взыскание

Одним из новшеств АППК является мера процессуального принуждения в...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 10 000 СТУДЕНТ ҚАТЫСҚАН «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АПТАЛЫҒЫ АЯҚТАЛДЫ

Абай университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бекітілген «Таза...