№2 мекемесінің қызметкерлерімен кезекті түрде сотталғандармен қолдануға тыйым салынған заттардың кіруі тоқтатылды.
Сотталған К-ға., келген сәлімдемеде балға арналған пакеттің ішінде 2 дана sim — карта табылып тәркіленді. Аталған сәлемдеме Көкшетау қаласының тұрғыны А. азаматынан келгендігі анықталған.
«Сәлімедемені жіберетін тұлғалар сәлемдеме міндетті түрде тексеруден өтетінін білгеніне қарамай, сотталғандарға тыйым салынған заттарды жібереді» — деп айтады №2 мекемесінің бастығы әділет подполковнигі Беков Нұрлан
Осы дерек бойынша ҚР ӘҚК-нің 481 бабы бойынша процессуалды шешім қабылдау жөнінде материалдар дайындалды. Жеткізушіге 10 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе ескерту берілуі мүмкін.


