Астананың атауы өзгертілгеннен кейін NQZ коды өзгере ме?

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының атауын өзгерту және NQZ әуежайының үш әріптік кодын ауыстыру елордаға бұрынғы атауы Астана оралғаннан кейін жоспарланып отыр ма, жоқ па — белгілі болды, — деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Елордалық әуежайдың коды 2020 жылы TSE-ден NQZ-ге ресми түрде өзгертілді. N кодта Nursultan Nazarbayev airport әуежайының атауы да, Астананың атауы — Нұр-Cұлтан деп көрсетілген. QZ-бұл жаңа әліпбиге сәйкес Qazaqstan үшін аббревиатура.

Айта кетерлігі, елорда Ақмола және Астана деп аталғанға дейін үш әріптік код өзгерген жоқ. Ол TSE — Целиноград болды.

Қазір де азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі сауалға жауап ретінде әуежайдың үш әріптік коды өзгеріссіз қалатынын, оны өзгертуді жоспарламайтынын хабарлады.

«Қазіргі уақытта әуежайды қайта атау туралы мәселе тұрған жоқ», — деп хабарлады комитеттен.

Айта кетейік, қазір әуе айлағының ресми атауы — Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы. Сондықтан NQZ коды әлі күнге дейін атауына сәйкес келеді.

В Казахстане пройдет общереспубликанский открытый урок «Мен таңдаған жол»

​Сегодня, 7 апреля, мы отмечаем Всемирный день здоровья —...

Тіл – тәуелсіздіктің тірегі

Тәуелсіздік – кез келген мемлекеттің ең қастерлі құндылығы. Ал...

Социальная ответственность

В ОБЛАСТИ АБАЙ РАЗВЕРНУЛАСЬ МАСШТАБНАЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ КАМПАНИЯ В РАМКАХ...

Памяти акына

ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ АКЦИЯ, ПРИУРОЧЕННАЯ К 180-ЛЕТИЮ ЖАМБЫЛА ЖАБАЕВА, ПРОШЛА В...

Инвестиция в будущее

ЗАНЯТОСТЬ НАСЕЛЕНИЯ В ШЫМКЕНТЕ РАССМАТРИВАЕТСЯ КАК ФАКТОР АДАПТАЦИИ РЫНКА...