Астанадағы ШЫҰ саммиті: мемлекет басшылары қандай құжаттарға қол қойды?

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы барысында бірқатар құжатқа қол қойылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы барысында мынадай құжаттарға қол қойылды:

  • Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Астана декларациясы;
  • «Әділ әлем, келісім және даму жолындағы жаһандық бірлік туралы» Шанхай ынтымақтастық ұйымының бастамасын бекіту жөніндегі Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі;
  • Шанхай ынтымақтастық ұйымының 2035 жылға дейінгі даму стратегиясының жобасы туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі;
  • Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің Шанхай ынтымақтастық ұйымының қызметін жетілдіруге қатысты ұсыныстары туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі;
  • Беларусь Республикасын Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүшелікке қабылдау рәсімінің аяқталуы және оған Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет мәртебесін беру туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі;
  • Беларусь Республикасына Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет мәртебесі берілуіне байланысты Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үлестік жарнасы туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі;
  • Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл бойынша 2025-2027 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасын бекіту туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі;
  • Шанхай ынтымақтастық ұйымының 2024-2029 жылдарға арналған Ескірткіге қарсы стратегиясын және оны жүзеге асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі;
  • Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің энергетика саласындағы ынтымақтастығын дамытуға қатысты 2030 жылға дейінгі стратегияны бекіту туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі;
  • Шанхай ынтымақтастық ұйымының 2030 жылға дейінгі экономикалық стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі;
  • Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Инвесторлар қауымдастығы туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі;
  • Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің қорғалатын аумақтар (ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қорғалатын табиғи аумақтар) және экологиялық туризм саласындағы ынтымақтастығын дамыту жөніндегі бағдарламасын бекіту туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі;
  • Қытай Халық Республикасының Циндао қаласын Шанхай ынтымақтастық ұйымының 2024-2025 жылдардағы туристік және мәдени астанасы ретінде жариялау туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі;
  • Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер мен Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы диалог серіктестері арасындағы Ықпалдастықты нығайту жөніндегі жол картасын бекіту туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі;
  • Шанхай ынтымақтастық ұйымының жобалық қызметін қаржылық қолдау тетіктері туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі;
  • Шанхай ынтымақтастық ұйымының Хатшылығы мен Есірткі, психотропты заттар және прекурсорлардың заңсыз айналымымен күрес жөніндегі Орталық Азияның өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы арасындағы өзара түсіністік меморандумына қол қою туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі;
  • Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің халықаралық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жоспарын бекіту туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі;
  • Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі;
  • Шанхай ынтымақтастық ұйымының Өңірлік терроризмге қарсы құрылымы Атқарушы комитетінің директоры туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі;
  • Шанхай ынтымақтастық ұйымының былтыр атқарған қызметі жайындағы Шанхай ынтымақтастық ұйымы Бас хатшысының баяндамасы туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі;
  • Шанхай ынтымақтастық ұйымы Өңірлік терроризмге қарсы құрылымының 2023 жылы атқарған қызметіне қатысты Шанхай ынтымақтастық ұйымы Өңірлік терроризмге қарсы кеңесінің баяндамасы туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімі;
  • Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің тату көршілік, сенім және ынтымақтастық қағидаттары туралы мәлімдемесі;
  • Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің ауызсу қауіпсіздігін және санитарияны қамтамасыз ету туралы мәлімдемесі;
  • Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің қалдықтарды тиімді басқару туралы мәлімдемесі;
  • Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер үкіметтері арасындағы қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша ынтымақтастық туралы келісім.

Санжар Боқаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматының Алмалы аудандық сотында қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты үкім жарияланды.

Рұқсат пен тыйым. Бас прокуратура депутаттарды сайлау алдында үндеу жариялады

Қазақстанда 29 қарашада мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. ҚР бас прокурорының орынбасары Ерлан Өтегенов сайлау алдында үндеу жариялады. Ол үгіт жүргізуге тыйым салынған кезеңде үгіт-насихат жасауға болмайтынын ескерті.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Елде кітапхана салуға көбірек көңіл бөлу керек 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде кітапханалар санын көбейту қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы Мәскеуде өткен AI Journey 2026 конференциясында оқушылар мен студенттер алдында сөйлеген сөзінде кітап оқу мәдениетіне ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді.

Желтоқсан айында елімізде не қымбаттайды? 

Желтоқсан айында қазақстандықтарды бірқатар баға өзгерісі күтіп тұр. Tele2 және Altel кейбір тарифтерінің абоненттік төлемін 300 теңгеден 2 000 теңгеге дейін көтереді. СДЭК жеткізу қызметінің бағасын өзгертеді, ал Freedom Bank биржалық ноталарды сатып алу комиссиясын арттырады. Астанада қоғамдық көліктегі жолақы 110 теңгеден 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.

Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасын шарықтатты: Brent $100-ға жақындады 

Brent маркалы мұнай бағасы 27 қараша, жұма күні соңғы бір айдағы ең жоғары көрсеткішке жақын деңгейде саудаланып жатыр. Бұған Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуі, Ормуз бұғазында танкерлерге жасалған шабуылдар және Сауд Арабиясының энергетикалық нысандарына соққы жасалуы себеп болған.