Қабылдауға Астана қаласы бойынша Адам құқықтары жөніндегі өкіл, Астана қаласының Ұлттық алдын алу механизмі өкілі Дусетова Жанар, Реабилитациялық технологиялар Қоғамдық қорының өкілі Кульжабаева Орынбасар, прокурор Жаркынбек Олжас, мекеме басшысының орынбасары Юсупов Алишер, сондай-ақ құқық қорғаушылар мен Қоғамдық бақылау комиссиясының мүшелері қатысты.
Қабылдау барысында тұтқындар өз құқықтары мен тұрмыс жағдайларына қатысты құқық қорғаушыларға сұрақтар қойды. Арнайы медициналық қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.


