Астанада жоғары технологиялық Эндоскопиялық орталық ашылды

Астанада Көпсалалы медициналық орталығында онкология ауруларын ерте анықтауға арналған жоғары технологиялық Эндоскопиялық орталықтың ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

2010 жылдан бастап қызмет көрсетіп келе жатқан Эндоскопия бөлімшесіне жаңадан процедуралық кабинеттер мен құрал-жабдықтар қосылып, орталық болып қайта құрылып, қолданысқа беріліп отыр.

«Эндоскопиялық орталық күрделі жөндеуден өтіп, жаңа құрал-жабдықтар сатып алынғаннан кейін қайта ашылып отыр. Осының бәрі науқастарымыз мен дәрігерлеріміздің игілігіне жарасын», – деді Көпсалалы медицина орталығының директоры Мұхтар Төлеутаев.

Ал эндоскопия бөлімшесінің меңгерушісі Алексей Зеленый бірнеше айға созылған күрделі жөндеуден кейін бөлімше кеңейіп қалғанын айтады.

«Жалпы Эндоскопиялық бөлімше 2010 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Мен 15 жылдан бері осы жерде дәрігерлік қызметімді атқарып келе жатырмын. Қазір бөлімше күрделі жөндеуден өтіп, эндоскопиялық құрал-жабдықтармен толықтырылып, үлкен орталық ретінде ашылып отыр. Бізге – дәрігерлерге жұмыс істеуге жайлы жағдай жасалып отыр.Эндоскоптар, әсіресе, қатерлі ісік ауруларын ерте анықтауға көмектеседі, қажет болған жағдайда ота да жасаймыз. Біз күн сайын көмей, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, 12 елі ішек, тоқ ішек, мұрынды диагностикадан өткіземіз», — деді бөлімше меңгерушісі.

ҚазҰУ-дағы студенттік өмір және жастар бастамалары

     Ғылыми конференцияда алғашқы зерттеуін таныстыру, қайырымдылық шарасын ұйымдастыру немесе...

    ҚазҰУ түлектері – ел дамуына елеулі үлес қосуда

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарихы оның түлектерінің еңбек...

Әділетті қоғам және заң үстемдігі

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде студенттер Біріккен...

В учреждении УИС области Абай отметили праздник Хэллоуин

В женском учреждении УИС области Абай было организовано тематическое...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде Хэллоуин мерекесі аталып өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер мекемесінде сотталған әйелдердің қатысуымен...