Астанада жаңа камералар жол ақысын төлемегендерді анықтайды

Астанадағы қоғамдық көліктерде жол ақысын төлемегендерді түсіретін жаңа камералар пайда болады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«City Transportation Systems» ЖШС «Астана қаласының қоғамдық көлігіндегі бейнеаналитика жүйесі» инновациялық жобасын енгізуді көздейді. Жобаның мақсаты – жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту, жолақысын төлеуден жалтаратындар санын азайту және қоғамдық көліктердегі қауіпсіздікті арттыру.

«Осы ретте, жобаның пилоттық кезеңі аясында, 2 мамырдан бастап № 24 бағдардың бір автобусында нақты уақыт режимінде деректерді талдауға мүмкіндік беретін камералар, роутерлер мен борттық компьютер орнатылды. Әр есікке қарама-қарсы орналасқан камералар кірген жолаушыларды есептейді және төлем деректерін салыстырады. Бұл бағдардағы жол ақысы ең көп төленбейтін уақыт пен учаскелерді дәл анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ақпарат жедел түрде CTS-тің көліктік бақылау департаментіне жолданады», — делінген хабарламада.

Жаңа бейнебақылау іске қосылған күннен бастап жүйе бір автобуста билетсіз жол жүрудің 2 мыңнан астам жағдайын анықтаған. Пилоттық жоба болғандықтан жолаушыларға айыппұл салынбайды.

Жобаның толық іске қосылуы мен іске асырылуы туралы CTS қосымша хабарлайды.

Время перемен и ответственности

ЭКОНОМИЧЕСКИЙ РОСТ, БЛАГОСОСТОЯНИЕ ГРАЖДАН, РАЗВИТИЕ РЕГИОНОВ И ПРАВОВЫЕ ГАРАНТИИ СТАЛИ ГЛАВНЫМИ ТЕМАМИ ОБСУЖДЕНИЯ ПОСЛАНИЯ. ЕГО ПОЛОЖЕНИЯ ПОЛУЧИЛИ ПОЛОЖИТЕЛЬНЫЕ ОЦЕНКИ СО СТОРОНЫ КАЗАХСТАНСКИХ ЭКСПЕРТОВ И ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ ОБЩЕСТВЕННОСТИ, А ТАКЖЕ ВЫЗВАЛИ ИНТЕРЕС ЗАРУБЕЖНОГО ЭКСПЕРТНОГО СООБЩЕСТВА.

Қазақстан дәрі-дәрмегі Ауғанстан нарығына шығуы мүмкін 

2025 жылы Қазақстанның фармацевтикалық өнім экспорты 17,8 пайызға өсті. Енді отандық өндірушілер өнім жеткізу географиясын кеңейтіп, Ауғанстан нарығына шығуды көздеп отыр.

Жұмыс қысқара ма, мүмкіндік көбейе ме: ЖИ еңбек нарығын қалай өзгертеді? 

Жасанды интеллект бірнеше минутта мәтін жазып, есеп дайындап, көлемді...

Астана халқының саны 2 миллионға жуықтады 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан халқы 133 707 адамға өсті. 1 қазанда ел тұрғындарының жалпы саны 20 633 529 адам болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев өндіріс озаттарына мемлекеттік наградалар табыстады 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Qarmet» акционерлік қоғамының бір топ қызметкерін жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттады.