Астанада Республика күніне орай қандай іс-шаралар өтеді?

25 қазан күні елімізде ұлттық мереке — Республика күні атап өтіледі. Осы айтулы күннің құрметіне Астанада 100-ден аса мәдени-бұқаралық, білім беру, спорттық және әлеуметтік іс-шара өткізіледі. Олардың арасында мерекелік концерттер, автошерулер, көрмелер, балаларға арналған көрнекті нысандар бойынша экскурсиялар, дөңгелек үстелдер, ұлттық спорт түрлері бойынша турнирлер және басқа да көптеген іс-шара бар, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шаралар орталық алаңдарда да, ірі нысандарда да, тұрғын алаптарда да, білім беру ұйымдарында және т.б. өтеді, сондай-ақ, Республика күні қарсаңында халықтың әлеуметтік осал топтарына 1 мыңнан аса азық-түлік себеттері таратылады.

Мереке аясында елордада және әрбір ауданда түрлі саланың еңбек сіңірген қызметкерлері, еңбек ардагерлері, белсенді азаматтары марапатталады.

Бұл күндері білім беру ұйымдарында дөңгелек үстелдер, пікірталас турнирлері, көрмелер, танымал тұлғалармен кездесулер, конференциялар, шығармашылық конкурстар, эсселер мен оқырмандар конкурстары өткізіледі.

19 қазанда сағат 9.00-де Сарыарқа ауданында Koktal Run жүгіру марафоны ұйымдастырылады. Оған жеңіл атлетикамен айналысатын әрбір тұрғын қатыса алады. Марафон соңында балалар мен ересектер арасында 1, 2, 3-орын алған қатысушыларды марапаттау өтеді. Марафон жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне грамоталар, медальдар мен бағалы сыйлықтар ұсынылады.

19 қазанда сағат 11.00-де Байқоңыр ауданында Республика күніне орай 3 гүлзар ашылады. Олар мына локацияларда орналасқан:

1. С.Торайғыров көшесі, 2 үйіне іргелес аумақта;

2. ⁠Рахимов-Айманов көшелерінің қиылысында;

3. ⁠Ж.Тәшенев тұйық көшесі мен Ж.Тәшенев көшесінің қиылысында.

Сол күні сағат 18:00-де Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда «Ұлы шеберлер мұрасы» үрмелі оркестрінің мерекелік концерті өтеді.

21 қазанда сағат 10:00-де Есіл ауданының ұйымдары арасында «Аспан» СК волейболдан жарыс өтеді.

23 қазанда «Жастар» сарайында сағат 19:00-де Республика күніне арналған «Жігер» эстрадалық-джаз ансамблінің «Атамекенім» мерекелік концерті өтеді.

Сол күні Сарыарқа ауданында Юбилейная көшесі, 22 және Жеңіс даңғылы, 34 бойынша бұрынғы бос орында жаңа қоғамдық кеңістік ашылады. Сондай-ақ, Қосшығұлұлы көшесі, 17 және 19 аулаларының абаттандырылуына арналған мереке өтеді.

25 қазанда сағат 15.00-ден 16.30-ға дейін орталық алаңда және елорда саябағында қазақ эстрадасының жұлдыздары мен би ансамбльдерінің қатысуымен мерекелік концерттік бағдарламалар өтеді. Іс-шара барысында гір көтеру, асық ату, қол күрес және т.б ұлттық ойындар да өткізіледі.

25 қазан — Республика күні Қошқарбаев, 29/1 мекенжайы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында қарттар арасында дойбыдан жарыс өтеді.

25-26 қазан күндері Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында сағат 19:00-де автор Мұхтар Шахановтың қатысуымен «Танакөз» спектаклінің премьерасы өтеді.

Ал 26 және 27 қазанда сағат 19:00-де жас көрерменнің музыкалық театрында «Гаухартас» спектаклі көрсетіледі.

Қазақстанда ауқымды жел станциясы салынбақ 

Астанада өтіп жатқан өңірлік экологиялық саммит – RES 2026 кулуарында Энергетика министрлігі Жаңартылатын энергия көздері департаментінің директоры Тұрар Әлімжан экология, су ресурстары және энергетика саласына қатысты пікір білдірді.

Ерекше баланың анасына еңбек өтілі жазылады

Асқарбек Ертаев мүгедектігі бар балалардың аналарын қолдауға бағытталған жаңа тәсілді таныстырды.

АЭС салынатын жаңа өңір аталды

Қазақстанда атом электр станциясын салуға Қостанай облысы қарастырылып жатыр.

Қазақстандықтар зейнетақы жинағын өздері басқара алады: Жаңа мүмкіндік қалай жұмыс істейді? 

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ «Tansar Capital» АҚ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы келісім жасасты. Компания салымшылардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін басқаруға болатын инвестициялық портфельді басқарушылар қатарына қосылды.

Алматы жұртшылығы Шахановты ақтық сапарға шығарып салды

Алматыда халық жазушысы, ақын Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Іс-шара Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өтті.